Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
2091 2 пікір 8 Қаңтар, 2021 сағат 11:54

Байден Трампты айыптады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден президент Дональд Трампты америкалық демократия құндылықтарына нұқсан келтіріп, арандату әрекетімен 6 қаңтарда Вашингтонда тәртіпсіздік туғызды деп айыптады.

Байден Трампты демократия құндылықтарына нұқсан келтірді деп айыптады

Байден бұның алдында Капитолий ғимаратына басып кірген Трамп жақтастарын «ереуілдеушілер» деп атамауын сұраған. Саясаткер оларды «бүлікші топ», «ішкі террористер» деп сипаттаған. Сонымен бірге Байден президенттің өзін де сынады. Байден Трамптың отставкасын талап етпесе де, оның мемлекет басшысы қызметіндегі көптеген әрекеті демократия институтына нұқсан келтірді деп мәлімдеді.

Басқа да белді демократ-саясаткерлер Байденнің осы мәселеге қатысты ұстанымын қолдайды. Сенаттағы демократтар жетекшісі және Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 20 қаңтарда биліктің ауысын күтпестен президент Трампты биліктен кетіруге үндеді. Трамп әкімшілігі оны биліктен алмаса, онда Өкілдер палатасы Трампқа импичмент жариялайды, деп мәлімдеді Пелоси.

Дональд Трамп өзіне қарата айтылған сындарға әзірге жауап бермеді. Оның әлеуметтік желілердегі аккаунттары сәрсенбіде Вашингтонда болған оқиғадан соң бұғатталған.

Бейсенбіде Трамп 20 қаңтарда билікті тапсыруға уәде берді. Бірақ ол сайлауда жеңілгенін әлі мойындаған жоқ.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2234
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2587
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2544
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1685