Сенбі, 4 Мамыр 2024
2255 0 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 14:41

Еуроодақ елдерінде коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды

Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдерде жексенбі күннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech компанияларының вакцинасымен халыққа жаппай егу басталды.

"Интерфакс" агенттігінің мәліметіне қарағанда, емдеуде қауіп-қатер тобына кірген азаматтарға, оның ішінде жасы ұлғайған адамдарға артықшылық беріледі. Германия, Франция, Аустрия, Италия, Испания және Болгария емдеу шараларын жексенбі күні бастаса, Бельгия мен Люксембургта 28 желтоқсанда, Нидерландта 8 қаңтарда басталады деп күтіледі.

Осыған дейін Pfizer және BioNTech компаниялары жыл соңына жейін ЕО-ға 12,5 миллион дана вакцина жеткізуге дайын екенін білдірген.

Осыған дейін Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылайтын агенттігі бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен нәтижесі бойынша зерттеу жүргізіп, қабылдаған.

Қазір әлемнің бірқатар елдерінде коронавирусқа қарсы "Pfizer-BioNTech" вакцинасы қолданылады. Осыған дейін АҚШ, Британия, Канада, Израиль емдеуді бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1135
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1038
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 892