Сенбі, 4 Мамыр 2024
2223 0 пікір 28 Желтоқсан, 2020 сағат 10:36

Nur Оtan: Еңбек дауларын шешу тәртібі жеңілдейді

26 желтоқсан күні "МАЭК Казатомөнеркәсіп" ЖШС ұжымы қалалық мәслихат депутаты болуға үміткерлер Андрей Могилин, Шамсадин Гусейновпен кездесті. "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жылдағы жұмыс жоспарымен танысты. Партияның мемлекетіміз бен өңіріміз үшін мүделлі жұмыстарын білді.

Биыл дүниежүзіне таралған пандемияға байланысты Қазақстан да басқа елдер сияқты қиын кезеңді бастан кешіруде. Дегенмен қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстанып жатқанын атап өтті кандидаттар. Сонымен қатар партияның мақсаты қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу, сол арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру екенін басып айтты.

Жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы аясында республика көлемінде 700 мың адам жұмыспен қамтылады. Туризм саласы дамып, 170 мың жұмыс орны құрылады. Ауыл шаруашылығына да басымдық беру арқылы 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа кәсіпкерлікке оқыту, қайта даярлау курстарына қамтылатын адамдар саны ұлғаяды. Жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларға қолдау көрсетіліп, еңбек қауіпсіздігі жақсарады.

- «Nur Otan» партиясы еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңтайландыру, еңбек заңнамасын бұзатын адамдарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасап және ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру туралы мәселесін алға қойып отыр, - деді кандидаттар.

Шара барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 943
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 796