Сенбі, 4 Мамыр 2024
2414 0 пікір 27 Желтоқсан, 2020 сағат 22:28

«Есіктен есікке». Үміткерлер қала тұрғындарымен жүздесті

«Есіктен есікке» акциясы аясында Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алишер Манликов қала тұрғындарымен жүздесті.

Мәслихат депутаттығына үміткер Алишер Манликов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында бағдарлама басымдықтары, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар жөнінде мәліметтер берді.

«Біздің партия Талдықорған қаласы тұрғындарының үмітін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін ескеру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Мұндағы әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруі, жан-жақты дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын бірге құрамыз» - деп, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясы еріктілері тарапынан қолға алынған әлеуметтік көмектер жөнінде де айтып өтті.

Атап өтер болсақ, дәл осы карантиндік шектеулер кезінде мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42 мың 500 теңгеден төленді, халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 32 мыңнан астам адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. Аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 5011 адамның коммуналдық шығындары өтелді.

Сонымен қатар Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілері 10 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізіп, 9 912 адам 50 000 теңгеден алды.

Тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдауға ие болды. Үміткер алдағы саяси науқанда халықты белсенді болуға шақырып, оң таңдау жасайтындарына сенім білдірді.

Ескерту! Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Талдықорған қалалық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 956
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 706
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 807