Сенбі, 4 Мамыр 2024
5698 4 пікір 26 Желтоқсан, 2020 сағат 14:05

Көш көлікті болсын десек...

Қазақ «Елге ел қосылса құт» дейді. Егемендік алғаннан бері әлемнің қырықтан астам елінен  бытырап тарап кеткен қандастарымыз ата жұртына оралып жатыр. Сырт көзге шеттен келген қазақтардың ешқандай проблемасы жоқ болып көрінгенімен, өкінішке қарай, көші-қон саясатында шешілмеген түйткілдер әлі де көп.

Біріншіден – қандастарымыз Қазақстан азаматтығын еш кедергісіз алу үшін мықты заңдық база керек. Бұл тұрғыда Азаматтық туралы заң сан құбылды. Біздің билік біресе оларды демографиямыздың алтын арқауы санап, көші-қон саясатын реттеуге ұмтылады, біресе оларды әлеуметтік қауіп көріп, қолданыстағы тәп-тәуір заңдарды өзгертіп, олардың азаматтық алуына кедергі келтіреді.

Қазір қандастарымыздың азаматтық алуы біршама реттелді десек те, дәл 2002 жылғы заңдық база бұдан әлдеқайда жақсы еді. Қазір азаматтық алу үшін ең әуелі тұрақты тіркеуге тұрып, ықтияр хатты рәсімдеу керек. Бұрын тұрақты тіркеуге тұрса болды, екі үш айдың ішінде-ақ Қазақстан азаматы болып шығатын.

Екіншіден, шетелден келгендер қазақ екендігін дәлелдеуі тиіс. Бұл талап бұрыннан да бар болғанымен, Сыртқы істер министрлігінің №791 қаулысы бар еді. Ол қаулы бойынша Қазақстанның шеттегі ведомстволары арқылы шетелдегі қазақтар Қазақстан куәлігіне қол жеткізді. Соның арқасында шетелден келген қандастарымыз көптеген жеңілдіктерге ие болды, ең бастысы қазақ екенін дәлелдеудің қажеті жоқ болатын.

Қазір көп елдің төлқұжатында азаматтарының этникалық тегі жазылмайды, соны біле тұра шетелдегі елшіліктеріміз олардың қазақ екенін дәлелдейтін анықтаманы бергісі жоқ. Осы қолдан жасалған кедергі көп қазақтың қазақ екенін дәлелдей алмай жүруіне себеп. Шеттегі қазақ мәдени орталықтары арқылы қандастарымыздың қазақ екенін дәлелдеуге мүмкіндік беру керек.

«Ауыл» партиясы отандастарын қорғауды өз миссиясы деп санайды. Біз қоныс аударушылардың барлық проблемасын жан-жақты шешетін Интеграциялау бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз.

«Әр қазақ менің жалғызым», Сабыр Адайдың осы бір сөзін ұран қылып, шеттегі әрбір қазақтың атамекеніне оралуына жағдай жасау – біздің қасиетті борышымыз. Тарихи отанына оралған әр қазақ қандастар мәселесіне сайлауалды бағдарламасының ортасынан ойып тұрып орын берген «Ауыл» партиясына дауыс береді деген сенімдемін.

Дәулеткерей Кәпұлы,

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына «Ауыл» партиясынан кандидат, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Ескерту. Материал «Ауыл» партиясының партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 765