Жексенбі, 19 Мамыр 2024
46 - сөз 3501 3 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 13:34

Орыспен одақтасу дамуымызды тежеп отыр

Ресеймен соңғы уақытта кикілжіңдер саны артты. Ал бұл елмен біз әскери және экономикалық одақтамыз. ОДКБ мен ЕАЭС біздің дамуымызға айтарлықтай кедергі жасауда. Жанама тұрғыдан сәл-пәл пайдасы бар шығар, мысалы бірлескен әскери жаттығу жасау арқылы сарбаздар тәжірибе жинайды деген сияқты, ал тұтастай алсақ кері әсері көбірек. Жалпы мен көптеген одаққа кіру мемлекетті аяқтан тартушы факторды арттырады деп ойлаймын. Өйткені әр одақтың алдында құжат түрінде қол қойып, іске асыруға тиіс міндеттемелерің болады. Оларды ұнаса да, ұнамаса да жасауға тиіссің.

Мәселенки ОДКБ-да болғанымыз үшін, Қарабақ соғысында әзербайжан бауырымызға қаратып бір жылы сөз айта алмадық. Себеп сол бір одақта болғанымыз. Ал ЕАЭС-те болғанымыз біздің экономикамызға кері әсерін беруде. Ресейлік нарық Қазақстанға ентелеп кіріп жатыр. Экономика рубльдің құнына тәуелдене түсті. Батыс санкция салған сайын, рубль құлап, артынша теңге тентіреп кететін жағдайға жеттік. Экономист емеспін, бірақ шамамен осылай.

Пайдасы жоқ, зияны көп бұл одақтардан шығып, ақырындап өзіміздің экономикамызға пайдалы жобалармен айналысайық. Ешқандай одаққа кірместен, мемлекетаралық екеуара келісімдер арқылы да елді дамытуға болады. Ұнаса жалғастырасың, ұнамаса келісімді тоқтатасың. Кіру оңай, шығу қиын одақтар сияқты емес, келісімді үзу оңайырақ.

Әлемнің дамыған екінші экономикасы Қытай жанымызда жатыр. Сұмдық экономика мен күш. Елімізде синофобия басым, оның басым бөлігін ресейлік тарап өршітіп қояды. Қытай көрші, онымен экономикалық байланыс арқылы пайда табу бізге тиімді. Қытаймен экономикалық байланыс Ресеймен қатынас жасауда баланс сақтауға көмектеседі. 2019 жылы Қытай экономикасы пандемия кесірінен орын алған әлемдік дағдарыста өсуін тоқтатпаған елдердің бірі. Ал Ресей керісінше дағдарыстың күшею шегінде қалды. Соған қарамастан Ресей ықпалы біздің экономикамызда артып келеді. Ресей Қазақстанның басты сауда қатынасындағы серіктесі саналады. Бұл қауіпті, себебі сауда қатынасы Ресеймен тек екі ел арасындағы келісім бойынша емес, одақтастық принципі бойынша да бекітілген. Оның үстіне Ресей Қазақстан сияқты шикізат сатушы ел, жаңа өнім мен нарыққа шығаратын тауар алуандығы аз. Ал Қытай әлемдік фабрика, тауар өндіру бойынша күллі әлемді қамтамасыз етеді. Алты құрлықта толықтай. Қазақстан Қытай экономикасында тым аз рөл ойнайды. Бейжің Қазақстанды көбіне транзиттік бағытта қолдануды ойластырған, Еуропаға тауар тасиды, ал жолдан Қазақстан салық, ақылы жол арқылы пайда табады. Жоспар осы. Ешқандай одақсыз, екіжақты пайдаға негізделген. Бастысы іске асуы мен пайда табуды қадағалап отырса болғаны. Осыны көрген сайын, Ресейлік тарап Қазақстанның экономикалық бағыты Қытайға өтіп кете ма деп, барын салып, ішке енуді ойлайды. Кейде саяси ескерту сымақтар жасап қояды.

Қорыта айтқанда Қытаймен экономикалық байланыстан қашқақтаудың қажеті жоқ. Бастысы ешқандай одақсыз, саясиланып кетпейтін құжаттарсыз, пайда табуға негізделген тауар сату қатынасын түзеп алу керек. Болды. Бұл бір жағынан Ресейді де ауыздықтап отыруға сеп болады.

Асхат Қасенғалидің жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658