Жексенбі, 19 Мамыр 2024
4432 3 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 13:30

Қазақстан АҚШ-тың барлау ұшақтарын сатып алады

АҚШ Мемлекеттік департаменті King Air барлау ұшақтарын Қазақстанға 128 миллион долларға сатуға рұқсат берді. Бұл туралы АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және қауіпсіздік агенттігі хабарлады.

«Мемлекеттік департамент Қазақстан үкіметіне барлау және қадағалау (ISR) жүйелерімен және соған қатысты жабдықтармен King Air B300ER Scorpion ұшағын сметалық құны 128,1 миллион долларға сатуды мақұлдау туралы шешім қабылдады. Қорғаныс ынтымақтастығы және қауіпсіздік агенттігі кеше Конгрессті ықтимал сату туралы хабардар ете отырып, қажетті сертификат берді»,- делінген америкалық биліктің хабарламасында.

Осылайша, Қазақстан үкіметі Raytheon AST TITAN Communications Intelligence (COMINT) сенсорларының үш жиынтығын сатуды сұрады (екеуі орнатылған, біреуі қосалқы).

«Ұсынылған сатылым Орталық Азиядағы саяси тұрақтылық пен экономикалық прогресстің қозғаушы күші болып табылатын серіктес елдің қауіпсіздігін арттыру арқылы АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік мақсаттарын қолдайды.

Ұсынылып отырған сату Қазақстанның аймақтық қауіп-қатерлерге тосқауыл қою және шекара қауіпсіздігі операцияларын жүргізу қабілетін арттыру арқылы қазіргі және болашақтағы қауіп-қатерлерге төтеп беру қабілетін арттырады.

Қазақстан бұл құрал-жабдықтар мен қызметтерді өзінің қарулы күштеріне қабылдауда қиыншылық көрмейді. Ұсынылған осы жабдықты сату және қолдау аймақтағы негізгі әскери теңгерімді өзгертпейді», - деп қосты АҚШ агенттігі.

Айта кетейік, King Air барлау ұшақтарының бас мердігері -  Sierra Nevada Corporation компаниясы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661