Сенбі, 18 Мамыр 2024
2686 1 пікір 23 Желтоқсан, 2020 сағат 16:34

Павлодарда Абайға ескерткіш орнатылды

Павлодарда хәкім Абайға ескерткіш орнатылды.Бұл туралы 24 kz мәлімдеді.

Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын, қазақтың мақтанышы – Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын Ертіс өңірінің жұртшылығы осындай тарихи оқиғамен қорытындылап отыр.

Ескерткіштің тұғыры мәрмәр тастан соғылған. Көркем қоладан құйылған мүсінінің биіктігі – 5,25 метр. Оған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» деген Абайдың  сөздері жазылған. Авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Асқар Нартов.

Айта кетейік, ол Баянауылдағы Шәкен Аймановтың да ескерткішін сомдаған.

Рымтай Шөкеев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ұлы Абайды білмейтін кісі жоқ. Біз мынау екі мемлекеттің шекарасында тұрамыз. Сондықтан ұлы Абайдың ескерткіші біздің Павлодар қаласына ашылуының өзі келешекке келіп жатқан ұрпаққа өте қасиеті зор. Сондықтан мен Павлодар облысының тұрғындарын осы ұлы Абайдың ескерткіші ашылғанымен құттықтаймын.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы:

- Ескерткіш Абайға керегі жоқ, ескерткіш бізге және бізден кейінгі ұрпаққа керек. Осындай ескерткішті мен Әзербайжанда Низамиға қойғанды көрдім. Мен Өзбекстанда Науаиға қойғанды көрдім. Түркияда Юнус Емреге қойғанды көрдім. Өзін елмін, халықпын, мемлекетпін деген жерде сол елдің мықты-мықты тұлғаларына ескерткіш қойылады. Бұл өркениеттік тәсіл. Сондықтан сіздер осы өркениеттік жолға түсіп отырсыздар. Бұл – Абайдың жолы, елдің жолы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2343
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654