Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
5515 1 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 12:17

Өзбекстан: Елде Covid-пен ауырған науқастар қалмады

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Бехзод Мусаев елде коронавирус індетін жұқтырған науқастар қалмады деп мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау саласына соңғы отыз жылда бөлінбеген көп қаржы бөлінді. Вирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмек әлемнің кез келген жерінен жеткізіліп жатыр. Мамандар да шетелден шақырылды. Нәтижесінде елде коронавирус жұқтырған бірде бір науқас қалмады", – деді Мусаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің 19 желтоқсандағы көрсеткіші бойынша, Өзбекстанда коронавирус анықталғандардың жалпы саны 75 675 адам. 73 099 науқас емделіп шыққан, 612-сі қайтыс болған.

Өзбекстанда коронавирус бойынша статистикаға тек арнайы медициналық зертханада расталған мәліметтер алынады. Ал вирус белгілері бар, бірақ үй жағдайында емделгендер, сонымен бірге пневмониямен ауырғандар ресми статистикаға енбейді.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1697
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1654
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1315