Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3080 0 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 12:13

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге мөлшерінде белгіленді. Соған орай зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салықтар мен айыппұлдар мөлшері өзгереді.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан:

- жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге;

- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге болады.

Ал жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2917 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып бекітіледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделеді.

Сондай-ақ 1 қаңтардан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 пайыз деп белгіленеді.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында болады.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1673
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1624
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1290