Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3274 5 пікір 19 Желтоқсан, 2020 сағат 12:05

Әсия Төлесова саяси партия құратынын айтты

Азаматтық белсенділер Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина Progress саяси партиясын құрмақ.  Бұл туралы белсенділер Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінде өткен тікелей трансляция кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды malim.kz сайты. 

“Қазіргі парламентте отырған адамдар менің өкілдерім емес. Меніңше, мен сияқты ойлайтындар көп. Біз парламент шын мәнінде халық өкілдерінен құралса, халық мүддесін білдірсе дейміз. Бұған қол жеткізудің жолы біреу. Ол – саяси партия құру”, – деді Ә.Төлесова.

“Біз жас буын мен прогрессивті ойлайтын халық сұранысына жауап беретін партия құрғымыз келеді. Бұл идеяны бұрыннан пісіріп жүрдік. Парияны құру бойынша жарты жылға жоспар жасадық. 1 маусым күні партияның алғашқы құрылтай съезін өткіземіз”, – деді Әлия Жолболдина.

Белсенділер саяси партияның бағдарламасын жасау үшін халықтан пікір жинайтынын мәлімдеді.

“Азаматтардан елге қандай саяси реформа керек, нені өзгерту керек жайлы пікір сұраймыз. Аймақтарда жақтастарымызды жинаймыз. Партияның сайтын ашамыз”, – деді Ә.Жолболдина.

Ә.Жолболдина да, Ә.Төлесова да елде саяси партияны құруға кедергі көп екенін, бұл ұзаққа созылатын процесс екенін мойындайды. Алайда белсенділер бұл жағдайды өзгертуге үмітті.

“Әділет министрлігіне партияны тіркеу туралы құжаттарды тапсырған соң, министрліктен жауап алу жылдарға созылуы мүмкін екен. Алайда біз әділет министрлігіне 20 мың қолды тапсырған соң, министрліктен партияны тіркеу туралы өтінішті қарап, не “иә”, не “жоқ” деп жауап беруін талап етеміз. Қажет болса митингілер өткіземіз”, – деді Ә.Жолболдина.

Азаматтық белсенділер партияның артында ешкім тұрған жоқ, саяси және бизнес өкілдерінен, корпорациялардан, шетелден және олигархтардан қаржы алмайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, партия қарапайым азаматтардың қолдауына сүйенеді.

“Партия қарапайым халықтың аударатын ақшасының есебінен қаржыландырады. Сайт арқылы кез келген адам ақша аудара алады”, – деді Ә.Жолболдина.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 362
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 192
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 201
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 200