Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2894 0 пікір 18 Желтоқсан, 2020 сағат 10:00

Пашинян: Соғыста жеңілгенімізге кінәлі емеспін

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәрсенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосына сұқбат беріп, Арменияның Таулы Қарабақтағы әскери қимылдары үшін жауапты екенін, бірақ соғыста жеңілгеніне өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеді.

Пашинян өзі жүргізген саясаттың соғыстың басталуына себеп болып, соның салдарынан Таулы Қарабақ айналасындағы аудандардың Әзербайжанға өтті деген айыптаулармен келіспеді. Армения премьер-министрінің пікірінше, соғыс өрті объективті себептерден тұтанған.

Оппозиция мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап етіп отыр. Пашинян мұндай шешімді жалғыз өзі қабылдай алмайтынын, ол үшін тараптар «консенсусқа» келуі керектігін айтты.

Ереванда Пашинянның қызметтен кетуін, мерзімінен бұрын сайлау өтуін талап етушілер жаппай наразылық акциясын өткізіп жатыр. Олар Арменияның көрші елмен соғыста жеңілуіне Пашинян кінәлі деп есептейді.

Оппозиция жалпыұлттық ереуілді 22 желтоқсанда бастайтынын мәлімдеді.

Пашинян биліктен кетпейтінін айтты. Бірақ оның парламенттегі жақтастары мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігін талқылауға дайын екенін білдірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар