Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
4078 2 пікір 15 Желтоқсан, 2020 сағат 14:14

Қазақстанда жол салудың шығыны көп, сапасы нашар

26 қараша күні Сенат депутаттары Нұрлан Әбдіров, Рысқали Әбдікеров және Сергей Ершов еліміздегі автожолдардың сапасына қатысты Премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

Сенаторлардың айтуынша, салынған және жөнделген жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуына жүк автокөліктердің белгіленген біліктік (осьтік) жүктемелерінің асып кетуі себеп болып отыр.

«Ресми статистиканың деректеріне сәйкес, техникалық санаттар бөлінісінде ел жолдарының 9,3 проценті ғана білікке (оське) 10 тоннадан астам жүктемені қабылдай алады. Нақтылап айтқанда, жалпы пайдаланымдағы жолдардың 90,7 проценті қолданыстағы жүк көліктердің ең аз жүктемелерін де қабылдай алмайды.  

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автокөлік жолдары бойынша самосвалмен 25 тоннадан астам жүк тасымалдауға тыйым салынғанымен, осы жолдарда салмағы 30-40 тонна болатын жүкті көтеретін көліктердің қозғалысы тоқтамай тұр»,- дейді сенаторлар.

Аталған мәселені шешу Көліктік бақылау инспекциясының міндетіне жатады. Алайда, бұл шаруа олардың қолынан келмей отырған көрінеді.

«Ресми статистикаға сүйенсек, 2019 жылы инспекция қызметкерлерінің 1/3 ірі габаритті автокөліктердің кедергісіз жүргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сол себепті бұл қызметтің ұйымдастырылуы мен сапасы Үкімет тарапынан қатан қадағалауды талап етеді деп есептейміз»,- деді Сенат депутаттары.

Сонымен қатар, 2018-2020 жылдары ауыр салмақты және ірі көлемді автокөліктер облыстық және аудандық автокөлік жолдарына 11 млрд-қа жуық зиян келтірсе, ол бойынша тек 1 млрд. теңге ғана айыппұл салынған. Ал, Қазақстанның автожолдарында жүретін ауыр салмақты автокөліктердің 10 проценті ғана бақылау бекеттерінде тексеріледі екен. Бұл да автокөлік жолдарының жылдам бұзылуына өз әсерін тигізетін көрінеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің нұсқасы бойынша үздік және нашар жолдары бар елдер рейтингісінде 2019 жылы Қазақстан 100-ден 43,2 балл жинап, 141 елдің ішінде 93-орынға ие болды.

Аталған көрсеткіш бойынша, көршілес – Тәжікстан 50-ші орында болса, Әзірбайжан – 27-орын алған.

Ал, осы жылдың сәуір айында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2020 жылы жол саласына бюджеттен 680 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Abai.kz сайтында «Қазақстандағы жол сапасы неге нашар?» деген сауалға мұнай-химия саласының маманы Ғалымжан Жусанбаев жауап берген болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600