Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3805 3 пікір 11 Желтоқсан, 2020 сағат 12:01

Шенеуніктерге шетелден есепшот ашуға тыйым салынды

Қазақстан сенаты мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға және судьяларға шетел банктерінен есепшот ашуға тыйым салу жөніндегі заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Бірақ шенеуніктердің әйелі мен балаларына қатысы жоқ.

Өзгерістер мен түзетулер қылмыстық процессте азаматтардың құқығын қорғау мен коррупцияға қарсы күреске бағытталған заңдарға енгізіліп жатыр. Бұған сәйкес, шенеуніктерге шетел банктерінен есепшот ашып, ақша сақтауға тыйым салынады.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов мұндай шектеу олардың отбасы мүшелеріне де қатысы бар ма деп сұрады. "Ресейде мұндай тыйым 2013 жылы барлық мемлекеттік корпорациялар мен компанияларға енгізілген. Сонымен бірге шенеуніктердің отбасы мүшелеріне де есепшот ашуға тыйым салынған", - деді ол.

Сенатор Андрей Лукиннің сөзінше, жаңа талаптар мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттарға және судьяларға ғана арналған.

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев қыркүйек айында FATF (Көлеңкелі ақшаны заңдастыруға қарсы күрес шаралары тобы) ұсынысы бойынша шенеуніктердің отбасы мүшелеріне де шетелден есепшот ашуға тыйым салуды қарастырып жатқанын айтқан.

Маусым айында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы Дариға мен оның үлкен ұлы Нұрәлі Алиев британ сотында Лондон ортасындағы 100 миллион долларға бағаланатын зәулім сарайын қайтарып алды. Бұл мүлікке Қылмысқа қарсы күрес ұлттық агенттігінің талабы бойынша бұғат салынған. Биыл тамыз айында Лондонда Дариға Назарбаеваның 29 жастағы ұлы Айсұлтан қайтыс болды. Ол өмірінің соңғы айларында Facebook парақшасына елдегі шенеуніктер мен туыстарының қатысуымен жасалынған ірі коррупциялық әрекеттер туралы ашық жазған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1854
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548