Жұма, 17 Мамыр 2024
3805 0 пікір 10 Желтоқсан, 2020 сағат 13:59

Сенат 1,5 млрд. еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады

Сенат коронавируспен күресу және Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро қарыз алу туралы заңды қабылдады.

Осыған дейін мәжіліс депутаттары "Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдаған еді.

Енді бұл құжаттар Президентке қол қоюға жіберіледі.

Еске салайық, 908 миллион еуро көлеміндегі алғашқы қарызды Азия Даму Банкі беруі керек. 454 миллион еуро көлеміндегі қарыздың бір бөлігін Қазақстан 10 жыл ішінде өтеуі тиіс. Қалған 454 миллион еуро 5 жылда төленуі тиіс.

Екінші келісім Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жасалған. Ол бойынша Қазақстан 661 миллион еуро қарыз алады. Қарыз 10 жылға беріледі.
Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor 0,5 пайыз.

Қарыз өтеу Қаржы министрлігі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636