Жұма, 3 Мамыр 2024
3499 0 пікір 10 Желтоқсан, 2020 сағат 12:30

Түркия Ресей вакцинасын сатып алмайды

Түркия Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасын сатып алмайды. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаға сілтеме жасап мәлімдеді.

Оның сөзінше, препарат тиісті зертханалық зерттеуден өтпегендіктен, оны қолдануға рұқсат бере алмайды.

Министр әңгіме қайсы вакцина жөнінде екенін айтпады. Бірақ осыған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Түркияның "Спутник V" вакцинасын сатып алуға қызығып жатқанын мәлімдеді.

Reuters Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан 50 миллион дана вакцина сатып алғанын, жаппай егу желтоқсан ішінде басталатынын жазды. Фахреттин Қожаның айтуынша, Анкара сонымен бірге 2021 жылдың соңына қарай Pfizer және BioNTech компаниясынан 25 миллион дана вакцина сатып алмақ.

ТАСС агенттігі "Спутник V" вакцинасына қолдау көрсетумен айналысатын Тікелей инвестициялар қорындағы дереккөзге сілтеме жасап, Түркия препараттан бас тартпағанын, келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.

Түркияда пандемия басталғаннан бері 900 мыңнан астам адамға COVID-19 вирусы жұғып, 15 мыңнан астамы қайтыс болды.

"Спутник V" вакцинасын сынауға 40 мыңға жақын адам қатысқан. Ол ресми түрде 11 тамызда тіркеуге алынды. Сол кезде препарат клиникалық сынақтың екі кезеңінен ғана өткен. Сынақтың үшінші кезеңінде оның тиімділігі 95% екені айтылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 574
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 303
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 317
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 328