Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Сайлау 3965 17 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 11:42

Сайлаудың әділ өтуі бақылаушыларға байланысты

2021 жылы өтетін Парламент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары 10-шы желтоқсан күні басталады. Аталған сайлаудың әділ өтуі үшін саяси партиялар 30 мың бақылаушыны байқаушы ретінде қатыстырмақшы.

Тәуелсіз бақылаушыларды оқытумен айналысып жатқан белгілі саясаттанушы Дос Көшім «Azattyq Rýhy» сайтына берген сұхбатында елдегі сайлау жүйесін бақылаушы сарапшылардың қателігі туралы айтты.

«Сайлау аяқталған соң, оған қатысып, бақылау жасаған ұйымдар өздерінің ұсыныстарын береді. Онда «Қазақстандағы сайлау заңы мен жүйесін қалай жаңартып,  жақсартуға болады?» деген мәселе көтеріліп, сайлауға отандық, халықаралық бақылаушылар баға береді. Меніңше, отандық бақылаушылардың ұсыныстарын міндетті түрде қарау керек. Себебі олар бағаны өз тәжірибиелеріне сүйене отырып береді.

Сайлау нәтижесіне баға берген кезде мына мәселені естен шығармау керекпіз. Біріншіден, кейбір ұйымдар, өзіміздің кей тәуелсіз бақылаушылар да 20-50 сайлау учаскесін бақылайды да,  бүкіл сайлау «былай өтті» деп бағалай салады. Бұл үлкен қателік. Бақылаушылар ел аумағындағы сайлау учаскелерінің 50%-н қамтымай, сайлауға баға бере алмайды. Әр бақылаушы өзі бақылаған аймақта қандай заңсыздықтар орын алғанын ғана айта алады. Тағы қайталап айтайын. Біз «бақылаған 27% участокте мынандай заңсыздықтар болды» деп баға береміз. Ал бүкіл сайлауға баға беру менің ойымша, кем дегенде 50-60% қамтуы тиіс. Сайлауға 100% бағаны адами ресурстары мен мүмкіндігі бар ұйымдар ғана бере алады», - деді Дос Көшім.

Саясаттанушының сөзінше, сайлаудың қалай өткеніне қатысты ортақ қорытынды халықаралық, отандық 50-60 ұйымның бағалау критерийіне байланысты болмақ.

«Сайлауға бірнеше саяси ұйымдардың қатысуының бір жақсы жері осы. Әйтпесе, мүмкіндігі күшті бір ғана биліктің ұйымы бақылаушы болып, «сайлау тамаша өтті» дейтін болса, ол жақсы болмайды. Себебі онда басқа ұйымдар өз мүмкініктеріне қарап: «Біздің бақылаған участоктерімізде осындай заңсыздықтар байқалды.

Қазақстандағы 100 участокті қарағанда біз мынадай баға береміз» деп айтуға болады. Сондықтан баға обьективті болуы керек. Кейбіреулердің 10-15% ғана бақылап, бүкіл Қазақстандағы сайлау «нашар өтті» дегені ыңғайсыз нәрсе», - деп атап өтті саясаттанушы.

Сарапшы Қазақстандағы сайлаудың әділ өтуі үшін бақылаушылар сауатты, жан-жақты болуы тиіс дейді.

«Бақылаушылардың, сайлауды жақсы білетін адамдардың көп болғаны жақсы. Бақылаудың тағы бір негізгі мақсаты-сайлау біткеннен кейін сайлау заңының сайлау жүйесін жақсартуы. Демек ертең 30 мың бақылаушыны шығарған «Нұр Отан» сайлаудың мына тұсын жақсарту керек мүмкін, кемшіліктерміз бар, деуі мүмкін. Бұл тоқтамайтын процесс. Сайлаудың заңдарын әрбір сайлау сайын, кейбір қателіктерін табуға болады. Сондықтан егер сондай мәселе көтерілсе,  сайлау «жақсы дегенмен тоқталып» қалмаса нұр үстіне нұр болар еді», -деді ол.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1460
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1208
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1191