Жұма, 17 Мамыр 2024
2891 4 пікір 7 Желтоқсан, 2020 сағат 12:53

Ресейден келетін шошқа өнімдеріне тыйым салынды

Ресейде шошқаның африкалық обасы шығып, мал қырылып жатыр. Осыған байланысты Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін шекарадан кіргізуге тыйым салды.

 «ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейдің бірқатар өңірлерінен Қазақстан арқылы шошқа шаруашылығы және ілеспе өнімдерді алып келуге, сондай-ақ олардың транзитіне шектеулер енгізді»,- делінген хабарламада.

Оның ішінде Волгоград, Калининград, Ленинград, Нижний Новгород, Орел, Самара, Тамбов, Тюмень және Челябі, Краснодар, Красноярск және Приморск облыстарынан термиялық өңдеуден өтпеген: жабайы қабандардың өнімдерін, былғары және ішек шикізатын, қылшықтарды, шошқаларға арналған жемді, сондай-ақ шошқаларды ұстау, сою және кесу үшін пайдаланылатын жабдықтарды Қазақстан шекарасынан өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ, ҚР АШМ  Қазақстан аумағындағы эпизоотиялық жағдай Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қатаң бақылауында екенін айтады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632