Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
2725 7 пікір 7 Желтоқсан, 2020 сағат 10:31

Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасын өндіре бастайды

Қазақстан 22 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік Sputnik V вакцинасын өндіре бастайды. Осылай деп ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Мамин кездесуінің қорытындысынан кейін мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Желтоқсан айында кемінде 2 млн дана вакцина шығаруды жоспарлап отыр. Ал 2021 жылдан бастап жаппай ерікті түрде екпе салу басталады. Бірінші кезеңде вирусты жұқтыру қауіпі зор адамдар, дәрігерлер, мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлеріне салынады.

Тоқаев қараша айында елде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны өндіретін зауыт салынатынын мәлімдеген. Бұдан бөлек Қазақстан мен Ресей Sputnik V вакцинасын жеткізу жөнінде келісімге келген.

Екінші желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин халыққа жаппай екпе жүргізуді бастауды тапсырған.

"Екпенің екі миллионнан астам дана шығарылғанын немесе таяу күндері шығарылатынын білемін. Бұл әлемде коронавирусқа қарсы бірінші болып ресми тіркелетін Sputnik V вакцинасы. Жаппай болмаса да, кең көлемде егу жұмыстарын бастаймыз. Ең алдымен дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады", - деді Путин.

ДДСҰ ұйымының мәліметінше, қазір коронавирусқа қарсы жүзден астам вакцина шығарылып жатыр. Бұл вакциналар үш сынақ кезеңінен өтуі тиіс. Қазір үшінші сынақ кезеңіне тек онға жуық екпе жетті.

Ресей үшінші клиникалық сынақтан өткізбестен екі вакцинаны тіркеуден өткізді: Гамалеи атындағы орталық дайындаған Sputnik V вакцинасы және Новосибирскідегі "Вектор" орталығы әзірлеген "ЭпиВакКорона" вакцинасы.

Қазақстанның Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Құны 7 млрд теңге болатын зауыт келер жылдың наурыз айында вакцина шығара бастамақ. Бұл жөнінде 2 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім еткен.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1840
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1870
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1570
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1446