Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3063 0 пікір 8 Ақпан, 2012 сағат 05:13

Шәріпхан Қайсар. Шенеуніктердің бала-шағасы – кілең бастықтар

Өткен жолы Бір кісінің «Самұрық-Қазынаға» кіжінгені бар. Оның қырағы көзі Ұлттық компаниялар штатты керіп, көрінгенді жұмысқа алып жатқанын «байқап қалған». Бірақ оның байқауына көмектескен өзендік дүрбелең кесірінен «Самұрыққа» жаңадан тағайындалған Өмірзақ Шөкеев екен. Елбасшысының айтуынша, Өмірзақ Естайұлы «тың көзбен «нояндар» мен «қояндардың» қаншасы қыруар айлыққа қағаз аударыстырып отыратынын көріп қалыпты». Сол «нояндардың» кім екеніне біз де назар аударып көрдік.
Әзірге Шөкеев мырза әлгі «нояндарды» тізіп әшкерелей қойған жоқ, бола да қойуы мүмкін емес. Себебі, Шөкеевтер әулеті де «ноянсыз» емес екен. Оның бір інісі Серік ЕСТАЙ «Интергаз Центральная Азия» АҚ басқармасының төрбасшысы екен. Бұл - елдегі ең ірі ұлттық компания «Қазмұнайгаздың» құрамына кіретін кәсіпорынның бірі. Құйқалысы. Өйткені, кәсіпорын -газ тасымалдау жүйесі мен жер асты газ сақтау қоймаларына қожайын.

Одан әрі кіріссек, «КазТрансГаз» АҚ-нда бас директор болып «қыздық» тегін алмастырған Нұрбол СҰЛТАН - Сарыбай Сұлтанұлы ҚАЛМҰРЗАЕВтың ұлы нығыз отыр. Жуыққа дейін «ҚазАгро» ұлттық холдингті  Марат ОРЫНБАЕВ - вице-премьер Ербол ОРЫНБАЕВтың ағасы басқарып келді. Ал, Индустрия және жаңа технология министрі Әсет Есекешовтың  бауыры Ерланға келсек, Falah Partners  деген инвестициялық қорды аман-есен басқарып жүр.

Баяғы айына 364 мың доллар шайпұл алып, елді шулатып,  «Қазақтелекомды» басқарған Қайрат Кәріпжановтың баласының бойында әкесінің «қаны» бар екен, оның Мараты қазір «Самұрық-Қазынаның» меңгеруші директоры. Қаржы полициясын басқарып отырған Рашит Түсіпбековтың ұлы Жанат күні кешеге дейін  «ҚазМұнайГаз - Переработка и маркетинг» АҚ-ның бас директоры болып келді. Сергей Дьяченоконың ұлы Олег те қалысатын емес, «Самұрықтың» қаптаған департаменттерінің бірінің тізгінін уыстап ұстап отыр. Ал, бұл қордың атқарушы директоры есебінде, елдегі бас атомшы Владимир Школьниктің баласы Игорь болған еді. Игорь кәзір анау-мынау емес - ресейлік Орск МӨЗді 280 миллион долларға сатып алған миллионер «қазақтардың» бірі. Білім министрі Бақытжан Жұмағұловтың баласы Руслан да кем емес, Халық банкының коммерция жағын басқаратындардың қатарында...
Сөздің реті келгенде, Есілдің сол жағалауына тарап кеткен бір анекдотпен бөлісейік. ҚМГ ұлттық компаниясының жаңа басшысы ғимаратты аралап жүрсе керек. Бірінші қабатқа барса, еркінсіген әйелдер телефонмен жан-жаққа нұсқау беріп, қолдарын оңды-солды сермеп жатыр екен. «Бұлар кім?» десе:  ЖБЖ - жауапты басшылардың жарлары депті. Екінші қабатқа көтерілген екен, қысқа белдемше киген өңкей сылқымдар қаздаңдап ерсілі-қарсылы жүрген көрінеді. «Бұлар кім?» десе, ЖБК - жауапты басшылардың көңілдестері депті. Таңырқаған сужаңа басшы соңғы қабатқа көтерілсе, ақ тер, көк тер болып, біреулер құнжыңдап жұмыс істеп жатыр екен дейді. «Бұлар кім?» деп сұраса, БОҚ-тар депті - байқаусызда орнында қалғандар деген екен.
Күлдіргіге арқау болатындай қаһармандарыңыз болса, ортаға салыңыз - бірге күлейік. Айтпақшы, Бердіоңғаров пен Сыздықовалардың Мәжілістегі  орындарына жайғасқан кешегі шенеунік «марғасқаларға» да көз салып қойған артық емес...
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2487
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2078
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600