Сенбі, 18 Мамыр 2024
3425 0 пікір 16 Қараша, 2020 сағат 12:27

Қазақстандық компаниялар Қытайда қанша табыс табады?

Қазақстандық 35 компания экспортты жеделдету бағдарламасы шеңберінде Қытай нарығына шығады. Бұл туралы LS сайты мәлімдеді. 

Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін тамақ өнеркәсібіндегі 35 компаниядан 40-60 млрд теңге көлеміндегі экспорттық кіріс болады деп хабарлады. Ал, оның 8-12 млрд теңгесі салық түрінде мемлекеттік бюджетке түседі.

«Сондай-ақ, өндіріс көлемі, қуаттылығы, сатылымы өседі және жаңа жұмыс орындары пайда болады», - деді Сауда министрлігі.

Департамент бүгінде Қазақстанның 123 елге тауарларын экспорттайтындығын атап өтті. Өнімдер қаржылық және қаржылық емес қолдаудың арқасында 800 тауарлық түрге жеткізіледі.

Сонымен қатар, биыл экспортты жеделдету бағдарламасы іске қосылды. Осының арқасында қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін бағалайды және сыртқы нарықтарға шығады немесе  экспорт көлемін ұлғайтады.

Сонымен қатар, Сауда министрлігінің нақтыланған бюджеттік жоспарларына сәйкес, ағымдағы жылы ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, құқықтарды қорғау саласындағы саясатты іске асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді, бұл жыл басында жоспарланғаннан  39,3%-ға аз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651