Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4359 0 пікір 26 Қаңтар, 2012 сағат 22:40

Самат Сыпатайұлы. Оғұз һәм Алаш

Түріктен өрбіген елді тоғыз дейді

Тартатын күй аспабын қобыз дейді

Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ -

Төртеуін шежірешілер оғыз дейді

"Ататек"  дастаны, Қожаберген жырау (1663 жыл).

''Қазақтың түп атасы Оғыз- Түрік

Түріктен өрбіген елді тоғыз дейді

Тартатын күй аспабын қобыз дейді

Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ -

Төртеуін шежірешілер оғыз дейді

"Ататек"  дастаны, Қожаберген жырау (1663 жыл).

''Қазақтың түп атасы Оғыз- Түрік

Құт қонған ұйтқы болып орнап бірлік"- дейді. Осы Оғыз елі, Оғұзхан немесе Ғұздар дегеніміз кімдер? Қ.Халид «Тауарих хамса» кітабында Хун тайпасын «Усул» тарихта «Хуз» деп жазған, арабтар «Ғұз», түркілер- «Оғұз» дейді деп атап өтеді. Ал  Е.Смағұлов "Под сенью храма штрихи к историческому портрету Туркестана" деген мақаласында "...Таким древним культовым центром объединеия огузских племен и было видимо поселение Ясы"- дей келіп "Возможно что Ясы-это остатки поселения того племени асиев (асианов) которые упоминается еще античными авторами (Страбон, Птоломей, Помпей Торг) среди племени сокрушавших во II в до н.э. греко бактрийскую державу. Во всяком случае появление и происхождение этого названия и народа с которым он связан (асии) на средней Сырдарье представляют из себя трудно разрсшимую загадку. Поэтому поводу различными учеными высказано множество догадок. Известный лингвист А.С.Аманжолов в свое время предположил что "Ас" есть название, древнего династийского рода и божества неба. Может быть такая этимология дает ключ к пониманию истоков местного культа?1 деп жазған болса, О. Сүлейменов "Слово вовлеченное русскую граматическую эволюцию переразложилось торки так называют летописи кочевое племя самоназванием которого было - узы. Вероятно одно из Огузских племен в источниках принят написание этнонима - "огуз" "оуз" "уз"2- деп жазған. Бізге түркі жұртының бірнеше диалектіде сөйлегендігі мәлім. Осынау көшпелі түркілердің тілінде Тәңірі құсы, бүркіт мағынасындағы көне династиялық әулеттің аты "Ұс" "Ас" "Ұз" "Аз" немесе "Хас" "Қас" "Қаз" "Ғұз" түрлерінде айтылғанын есте ұстағанымыз жөн. Әйгілі Махмұт Қашқаридың "Біздің ата - бабаларымыз - бектер,  "хәмір" дейді. Өйткені оғыздар әмір деп айта алмайды"1 дегені бар. Осы ретте түркі жұртының бір бөлігі өздеріне тән диалектіде ақты-хақ, Ақназарды-Хақназар, Асанды-Хасан, Қасан, Ұсманды-Ғұсман, Құсман, Айдарды- Ғайдар, Қайдар, Абдолланы- Ғабдолла, Алиханды- Ғалихан, Әкімді-Хакім, деп жазатыны сияқты "X", "Ғ", "Қ" әрпінің қосарлануы арқылы Ұзды-Ғұз деп, әрі осы атауларды ұлылап Ұлы Ұз, һәм Ұлы Ғұз деп жазу үшін Ұз, Ғұз сөздерінің алдында парсы немесе түркі тілі диалектикасының біріне тән "О" "У" әріпі жалғанып "Оуз" «Ууз» "Оғуз" делініп жазылған. Парсы, өзбек тілдерінде "О" "У"- ол, ул деген мағынада қолданылады. Біз өзіміз де қазіргі кезге дейін "ол не", "ол не дегенің", "ол не қылғаның" "ол кім екен", "ол не қылған адам" дегенді "о не", "о не дегенің", "о не қылғаның", "о кім екен, о не қылған адам" деп айта береміз. Демек, "О+уз" "У+уз" "О+ғуз" деп жүргеніміз Улус, Ұлұс яғни, Ұлұ Ұс елі, ал Ууз хан, Оғуз хан деп жүргеніміз Ұлұ Ұс ( Ұлұ Ұш ) хан яғни Алаш хан деген тұжырым жасауымызға әбден болады. Жалпы «Ұс» атауының  «Ғұз» түрінде  түрленіп тарихта  орын алуына алдыңғы  «Оғ» һәм «Улғ» сөзі әсер еткен. Улғ Уз / Ул  (ғ)+Уз. Оғ Уз / О (ғ)+Уз. Осылайша  «ғ» әріпі «с» әріпінің «з»-ға өзгеруіне  өз әсерін тигізбей  қоймаған. Біздің Аллахты - Алла дейтініміз сияқты, табақ - таба, тірк -  тірі, сарғ -сары, төрк -  төрө, бөрк - бөрү, Ұлғ - Ұлұ  (Ұлұ Ұс түрленген түрі Ұлұс). Екі "ұ" әріпі қатар келгендіктен біреуінің естілмей түсіп қалуы заңды құбылыс.

Ұс

Ұс                          Ұз                        Ғұз

Ұлұ Ұс                  Уус Оуз                  Оғұз

Ұлұ Ұс хан            Ууз хан              Оғұз хан

С.П. Толстов: «Оғыздардың тайпалық одағы Оксқа дейінгі заманда басқа жақтан көшіп келген тайпалар емес, одақ аты да, өзен аты да ертеден бері жалпыға ортақ тотем атынан, жергілікті ел тілінен туған сөз. Ендеше, Орта Азия оғыздарын ерте замандарда сол  жерді мекен тұтқан сақ тайпаларының заңды мұрагері (ұрпағы) деп қарау керек. Оғыз тотемінің аты ертедегі сақтар ортасында да болуға тиіс»1 - деп жазса. Е.Шаймерденов "Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда, Оғұз хан Ұлыс үлестіргенде ұшы-қиыры жоқ киелі кең дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен"2 - деп жазады. Қарап отырсақ, бәрі Тәңірі құсы, бүркіт, көктің құсы қыранға келіп тіреледі. Осының бәрін жай ғана сәйкестік деп қарауға болмайды. Бұнда тарихи шындық бар. "Оғұзнамада" Оғұз ханның алты баласы болғаны айтылса, бұл қазақ арасындағы "алты Алаштың баласымыз", "алты Арыстың баласымыз" деп келетін сөздерін еріксіз еске түсіреді. Осының бәрін ескере отырып, Оғұз бен Алаштың бір адам екені, яғни, бір хан жайында айтылып тұрғаны күдік тудырмаса керек деймін әрі екеуі де бір ауыздан түркі халықтарының басын біріктіруші өз алдына ел етуші болып халық арасында ауыздан - ауызға аңыз боп таралған. Демек, Ұлы Абайша "Ұлұспыз", Қадырғали бише "Алашпыз", әйгілі Махмұтша "Оғұзбыз"-деп жүргеніміздің барлығы да біртұтас түркі халқының негізгі билеуші тайпасының аты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 921
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 771