Жексенбі, 5 Мамыр 2024
2436 6 пікір 6 Қараша, 2020 сағат 11:40

Қазақстанда таңғы жаттығу жасау міндеттеледі

Елдің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кәсіпорын қызметкерлеріне күнде таңертең дене жаттығуын жасауды міндеттеу туралы бұйрық шығарды.

Құжатқа сәйкес, күнделікті таңертең дене жаттығуын 10-15 минөт жасау ұсынылған. Бұл жұмысқа сергек кірісуге көмектеседі делінген.

"Дене жаттығуының мақсаты мидың шаршағанын басу, қуатты қалпына келтіру, жұмыс істеу қабілетін арттыру және денсаулықты нығайту", - делінген бұйрықта.

Дене жаттығуы түрлерін 3-4 апта сайын ауыстырып тұру қажет делінген.

Бұдан бөлек жұмыс бөлмелерінің ауасын үнемі тазартып тұру да ұсынылған.

Қараша айының басында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев та "Салауатты өмір салтын енгізу және жаппай спортпен шұғылдануды дамыту шараларын қолға алу жөніндегі" жарлыққа қол қойған. Жарлыққа сәйкес, жаяу жүру, шағын футбол, велоспорт, бадминтон, стритбол және табиғатқа шығып серуендеу секілді танымал спорт түрлерін дамыту ұсынылған. Бұл шараны жүзеге асыру үшін бюджеттен 104 млрд сум (10 млн доллардан астам) бөлінген.

Бұдан бөлек ел билігі көп жаяу жүретін азаматтарға сыйақы төлеуге уәде беріп отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1388
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 965
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1052