Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2856 0 пікір 20 Қаңтар, 2012 сағат 08:44

«Қайырсыз жұма» немесе «Мәңгілік» Мәсімов мызғымайтын болды

Көппартиялы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттарҮкімет басшысы Кәрім Мәсімовті прьемер-министрлікке тағы да лайық деп тауып, бір ауыздан қолдады. Қажымқанның ұлының кандидатурасын «Нұр Отан» партиясы ұсынып, өзге партиялар қызу қолдап жіберген екен.
Осымен бесінші рет үкіметтің тізгінін қолына уыстап ұстаған Мәсімов мызғымайтын болды. Демек, Үкіметтің құрамы да анау айтқандай жаңара қоймас. Әрі көппартиялы парламент деп көпірген Мәжілістің де қалай жұмыс істейтіні белгілі болып қалды.
Кеше порталымызға сұхбат берген Амангелді Айталы мырза: «бұл Мәжілісті түр жағынан - демократия, мазмұн жағынан - авторитарлық  деп есептеймін» дей келіп, «Бұл -- шын мәнінде президент аппаратының, үкіметтің дайындаған заң жобаларына дауыс беріп қана отыратын Мәжіліс болады ғой деп ойлаймын» деген еді. Рас айтыпты. Амангелді ағамыздың сөзін көппартиялы парламент алғашқы отырысынан-ақ  дәлелдеді.
Айтпақшы, ұзынқұлақтың әңгімесіне қарағанда, ауыс-түйістің орын алмауының түп мәні - наурызда өтетін Ресей президентінің сайлауына байланысты көрінеді. Мәскеу бір жағына шығып алғанша, Қазақстанда саяси өзгеріс болма қоймас дейді білетіндер. Яғни, Астананың барлық тараптағы саяси шешімдері тікелей Ресейге тәуелді болып тұр. Амал қанша.
«Қайырсыз жұма» деген осы шығар. Шынымен де, қазаққа қайыры жоқ жұма болды.

(жазушы Төлен Әбдіктің "Қайырсыз жұма" атты әңгімесін мына жерден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/node/10289)

Кәрім Мәсімов 1965 жылы туған.  Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы Университетін, одан кейін Қазақ мемлекеттік басқару университетін бітірді. Пекин  институтында қытай тілін оқып-үйренді, Ухань университетінің Заң институтында және Колумбий университетінде  сынақ мерзімінен өтті. Халықаралық құқық жөніндегі маман, экономист.  Экономика ғылымының докторы.  Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Көлік және коммуникация министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, экономика және бюджетті жоспарлау министрі, ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары сияқты  лауазымды қызметтерде болды.
2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2036
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587