Жұма, 17 Мамыр 2024
Өз сөзі 3868 1 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 13:15

«Футбол ережесіне өзгеріс керек»

Редакцияның электронды почтасына жетісайлық Батырбек Айдосов есімді оқырманымыздан хат келді. Батырбек мырза хатында «әлемдегі бірінші спорт» атанған футбол ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізуді ұсыныпты. Біз идея иесінің өзіне хабарласып, ұсыныстарының мән-жайын сұрадық.


Әлемде футбол ойынының миллиартаған жанкүйері бар. Миллиондаған кәсіпқой футболшы, мыңдаған жаттықтырушы, сансыз кәсіби клубтар, көркі көз тартатын стадиондар бар. Осының бәрі аладопты әлемдегі ең танымал спорт түріне айналдырған. Футболды дамыту үшін тынбай тер төгіп жүрген азаматтардың да еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды.

Жанкүйерлер үшін еңбек етіп жүрген жоғардағы азаматтарға шексіз алғысымды айта отырып, футбол ойынын одан әрі дамыта түсуге септігі тиер деген үмітпен бірнеше ұсыныс айтқалы отырмын. Мен атаған 4 түрлі толықтырулар мен өзгерістерді енгізсек, бұл спорттың деңгейі қазіргіден де арта түсер еді.

Футболды дамыту үшін 4 идея ұсынамын:

Бірінші:

Аут (қапталдан допты ойынға қосу)

Футболды негізінен бәріміз білетіндей аяқпен ойнайды тек қақпашы ғана өз айып алаңның ішінде қолмен ойнайды. Сонымен мен «допты тек аяқпен қосуды ұсынамын».

Алаң жиегіндегі сызықшаға допты қойған соң 8 секунд ішінде допты ойынға қосу шарт, сол 8-секунд ішінде допты ойынға қоспаса допты ортадағы төреші ойынға қосуды қарсыласқа беру керек. Мұндағы 8 секунд ойын уақытын созбас үшін. Допты ойын алаңына аяқпен қосудың өзі ойынды қызықты ететіні сөзсіз. Бұндай жағдайда футболшылар жаңа техникаларды пайдаланып, футбол жаңа деңгейге көтеріледі. Ал, жанкүйерлер үшін бұл өте қызықты ойын болады. Осының өзі футбол әлемін тағы бір дүркін көтеріп тастайтыны сөзсіз.

Футбол өздеріңіз білетіндей аяқпен ойнатылады. Олар тек аяқпен ойнауға машықтанғандықтан, аяқпен тебу зор әсер береді. Сондықтан допты алаң жиегінен аяқпен қосқан ыңғайлы. Әрі ұзақтағы тұрған өз командаластарына жеткізіп беруге болады. Допты қолмен ойынға қосса футболшылар допты максимум 20-25 метрге жеткізе алады, ал аяқпен тепсе 50-60 метрге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Бұндай кезде ойыншының кімге қарай допты тебетіні де жанкүйерлерге қызықты болатыны сөзсіз.

Екінші:

Футболдың ең қызықты әрі шешуші кезеңі шабуылға шығу. Осы кезде бүкіл жанкүйерлердің демі ішінде болатын сәт. Осы сәтке қосар идеям: «шабуыл барысында ортадағы сызықтан өткен соң артқа пас бермеу».

Егер артқа пас берсе онда автоматты түрде ортадағы төреші допты қарсыласқа беруі қажет. Сонда ойын тағы да қыза түседі. Төреші допты қарсы командаға беріп, дәл сол жерден қарсыластар ойынға аяқпен қоссын. Қарсыластарда допты артқы жақа немесе алға қосуға мүмкіндік тағы беріледі. Бұл да ойынның қызықты өтуіне әкеліп соғады.

Жанкүйерлер негізі шабулдаушы ойынды жақсы көреді. Менің қосқан идеям футболдың бапкерлері мен ойыншыларына жаңа идея мен ізденістер әкелетіні сөзсіз.

Үшінші:

«Бұрыштамадан допты ойынға қосу барысында айып алаңының ішіндегі бестіктің ішін шабуылдаушы команданың ойыншылары кірмеуі қажет. Доп бұрыштамадан ойынға қосылғаннан кейін ғана қатсыластар бестік алаңының кіруіне рұқсат берілсін».

Бұл не үшін керек десеңіздер, қарсылас қақпашыға құрмет және кедергі жасамай ойыналуы тиіс. Өз кезегінде қорғанушы команда болса өз бестігінің ішінде қорғаушылық функциясын атқарса болды. Бұрыштамадан доп ойынға қосылған кезде бестің сыртынан ішке кіріп баспен гол соқан талай футболшыларды көрдім. Ойынның қызығы мен ғажабы осы. Бұл тактиканы қолдану футбол ойынына жаңа деңгей береді.

Төртінші:

Ұпай беру жүйесі.

Бұл ұпай беру жүйесі. Мысалы Еуропаны алайық, Мемлекеттің ішкі чемпионаттарында, Чемпиондар лигасында топтық кезеңде, Еуропа лигасы топтық кезеңінде, әлем чемпионаты іріктеу кезінде қолданса болады.

Футбол жанкүйерлерінің айтуы бойынша «өз алаңда дуалда көмектеседі» демекші, алаң иелері қарсыласқа 4 ұпай бермес үшін, ал, қонақ команда 4 ұпайды алу үшін тартысқа толы ойындар болады деп ойлаймын.

Менің идеям бойынша

1. Ұтылған командаға 0 ұпай.

2. Өз алаңында тең түсе 1 ұпай.

3. Сырт алаңда тең түсе 2 ұпай.

4. Өз алаңында жеңісеке жетсе 3 ұпай.

5. Сырт алаңда жеңіске жетсе 4 ұпай берілсе.


Алғашқы сұрақ: Футболға сіз ұсынған өзгерістерді енгізу не үшін қажет деп есептейсіз?

- Бүкіл әлем дамып жатыр, футболда өз кезегінде даму керек. Футболдың бір сарында кележатқанына бір ғасыр болды. Бірақ, біршама өзгерістер де енгізілді. Өздеріңіз білетіндей футболда қазіргі таңда VAR жүйесі қызмет етеді, мен оған толық қосыламын. Себебі соғылған голдың немесе футболшының айыпты болған кездегі ақ-қарасын толығымен миллиметрге дейін шешіп береді. Осы өзгерістердің бәрі футболдың дамуы үшін керек. Менің идеям да дәл солай футбол ойынының дамуына үлкен үлесін қосатыны сөзсіз.

- Допты алаң жиегінен аяқпен қосудың артықшылығы неде? Бұл футзалдың ережесі емес пе? Мұның футзал ережесінен қандай өзгешелігі бар?

- Негізі футболшылар допты аяқпен ойнауға машықтанған, сол себепті оларға аяқпен қосқан ыңғайлы. Жақында ғана өткен Қазақстан мен Беларусь арасындағы ойынды алайық, тең болып бітетін ойын еді, бірақ, бір қателік біздің ел үшін қымбатқа түсті. Сүйінбаевтың допты қақпашыға беремін деп, қарсыласқа допты сыйлап жібергенінің салдарынан ұтылып қалдық. Міне, осыдан-ақ байқауға болады, футболшылар аяқпен ғана машықтанғанын. Оларға қолмен допты ойынға қосқан өте ыңғайсыз, әрі олардың қолдары машықтанбағанның салдарынан діттеген жеріне допты жеткізе алмайды. Ал, футболшы аяқпен қосатын болса, оның аяғының соққысы мығым болып, дәл жететіні анық.

- Қарсылас жарты алаңында артқа пас бермеу керек дейсіз, футбол командалық ойын, оның үстіне қазіргі таңда алаңдағы 11 ойыншының әрбір қадамы алдын-ала зерттеліп, есептеледі. Ендеше үлкен футболда қарсыластың жарты алаңында (кем дегенде 50 м) артқа пас бермей ойнау мүмкін бе?

- Қиын болады деп ойламаймын. Қазіргі жатықтырушылар өте мықты тактикаларды қолданады. Мәселен Хосеп Гвардиоланың TIKI-TAKA-cы маған қатты ұнайды. Қарсылас алаңына өттіме артқа пас бермей, барынша жеңіске жетуді ойлайды да, тек алға шабуыл жасайды. Ал бізде қалай? Допты қарсылас алаңның айып алаңына дейін апарып алып қақпаға соққы жасамай өз алаңымызға әкеледі. Одан қала берді қақпашыға береді. Сондай сәтті қарсыластар жақсы пайдаланып, талай гол өз қақпамызға соғылған кездері болды. Сол себепті футболда айтады ғой «ең жақсы қорғаныс ол шабуыл» деп. Футболдың жеңісі тек шабуылдан ғана болады.

Ал, жанкүейрлер шабуылдаушы ойынды көргенде шабыттанып, ойыннан рахатын сезінеді. Ол тек жанкүйерлер үшін ғана емес, футболшылар үшін де, жаттықтырушылар үшін де мәртебе.

- Мамандар қазір Еуропа футболына өз алаңында ойнаудың артықшылығы азайып келеді деп санайды. Атақты Арсен Венгер сырт алаңда соғылған голға басымдылық бермеуді ұсынып жүр. Бірақ сіз сырт алаңда жеңіске жеткен командаға 4 ұпай беруді ұсынып отырсыз. Бұл ірі клубтарға пайдалы болғанымен, ортаң қол және әлсіз командаларға тиімсіз болуы мүмкін ғой.

- Жоқ сіз айтқан əлсіз команда да 4 ұпайды оңайлықпен бере қоймайды. Футбол дамыған сайын тактикада дамиды. Жатықтырушы да, ойыншы да басқаша ойлана бастап, тың футбол тактикасы дүниеге келетін болады. Бұның өзі жаңа деңгейдегі футбол ойындарының дамуына әкеліп соғады.

2007 жылы Бельгия мен Қазақстан ойыны есіңізде ме? Сол сырт алаңда Қазақстан құрамасы тең ойнап, бір ұпайға ие болды. Қуанышымызда шек жоқ. Себебі Бельгия Еуропа жəне әлем рейтингісінде жоғары тұрады.

Қазақстан құрамасы мен Белгия құрамасының ойынынан кейін, біздің ойыншыларға обал болғандай көрінді. Себебі бельгиялықтармен сырт алаңда тең ойнау біз үшін үлкен жетістік. Сол ойыннан біздің құрама 1 ғана ұпай алды. Тек солармен тең түскені үшін. Сол ойыннан кейін маған ой келді «Неге 1-ақ ұпай?», «Неге 2 ұпай емес?» деп. Сол күнен бастап маған 4 ұпай жүйесі жайлы ой келді.

Иә, ұпай беру жүйесінде өзгерістер керек-ақ, себебі қазіргі ұпай беру ережесіндегі кемшіліктер кей командалардың үмітін өшіреді. Бұны бір деп қойыңыз. Одан кейін бұл өзгеріс негізі футболдың дамуына тағы бір себеп. Әлсіз команда мықты командаға 4 ұпай бермес үшін ойнайды, сондай-ақ әлсіз команда сырт алаңда барынша мықты ойын үлгісін көрсетіп тең ойнап 2 ұпай немесе жеңіске жетіп 4 ұпай алсақ деп үміттенеді.

Идея авторы: Айдосов Батырбек Парсаханұлы

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Атамекен ауылы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629