Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2735 3 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 11:01

Таулы Қарабақта қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр

Әзербайжанның бас прокуратурасы соңғы күндері шекараға жақын орналасқан қалалар мен халық қоныстанған аймақта 70-ке жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алғанын жеткізді.

Өз кезегінде Армения да әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың қайтыс болғанын жариялады.

Баку Ереванды Әзербайжанның бірнеше ауданын, оның ішінде Тертер мен Барда қалаларын атқылады деп айыптады. Елдің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан 19 адам мерт болып, 60-қа тарта бейбіт тұрғын жараланған.

Ереван Таулы Қарабақ "Смерч" реактивтік жүйесімен атқылағанын, кемінде бір адам қайтыс болып, екеуі жараланғанын білдірді. Армения болса, қарулы қақтығыс басталған бір айдан бері Ереван мыңнан астам жауынгерін жоғалтты деп мәлімдеді.

Таулы Қарабақ халықаралық деңгейде Әзербайжанның жері саналады. Бірақ ол 1990-жылдардан бері этникалық армяндардың бақылауында. Совет Одағы ыдырағанда Ереванның қолдауына ие армян сепаратистері Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеп, арты Әзербайжан мен Армения арасындағы соғысқа ұласты. Алты жылға созылған соғыс 1994 жылғы келісіммен тоқтады. Бірақ бейбітшілік толық орнаған жоқ, ара-арасында қақтығыстар болып тұрды. Сол уақыттан бері Таулы Қарабақ этникалық армяндардың қолында. Соғыс салдарынан жүздеген мың әзербайжан босқынға айналды.

Abai.kz

3 пікір