Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 2174 1 пікір 21 Қазан, 2020 сағат 10:56

Нығматулин: Парламент сайлауы еліміз үшін маңызды саяси қадам

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыстың күн тәртібін қарауға кіріспес бұрын  Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. 

- Әрине, Парламент сайлауы ол біздің еліміз үшін де, біздің халқымыз үшін де өте маңызды саяси қадам. Себебі парламенттік сайлау еліміздегі барлық саяси партиялардың, өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді.

Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге және еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз, - деді. Мәжіліс Спикері.

Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин Парламенттің келесі шақырылымы жұмысын бастағанға дейін қазіргі депутаттық корпус елімізді одан әрі дамыту және ілгерілету үшін заңнамалық базаны қалыптастыруды жалғастыра беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленді.

Abai.kz

1 пікір