Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2756 1 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 19:39

Telegram-дағы партиялық сауалнама: дауыс бергендердің 80 пайызы Nur Otan-ды таңдаған

Танымал блогер Айда Жексен мен ҚР Президентінің экс-кеңесшісі Олжас Құдайберген өздерінің Telegram-каналында сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың қай партияға көбірек сенім білдіретінін анықтап көрді.

Сауалнама нәтижесі мынандай:14 мыңнан астам жазылушысы бар JexeNews (Аида Жексен) каналында жүргізіліп жатқан сауалнамаға дауыс бергендердің 80 пайызы (7392 дауыс) «Nur Otan» партиясының алдына түсер саяси ұйым әзірге жоқ депті. Сондай-ақ, OKChannel (Олжас Құдайберген) каналы жазылушыларының 71% аталған партияға дауыс берген.Айта кету керек, Олжас Құдайбергеновтің арнасында сауалнама бірнеше сағат қана ашық болды, ал Аида Жексен өзінің Facebook-парақшасында жазба қалдырып, сауалнаманың алдағы Мәжіліс сайлауына дейін қосулы болатынын хабарлады.

Айта кетейік, мұндай онлайн-дауыс беру тамыз айында – праймериздің үгіт-насихат науқаны басталғанға дейін де өткізілген еді.Ол кезде өзге де Telegram-каналдар, атап айтқанда, «ALIBEKOV» (55 670 жазылушы), «ALIBEKOV» (55670 жазылушы), «Казахстан и все-все-все» (3751), «Дом с паранормальными явлениями» (8892), «Kozachkovoffside» (10362) өз оқырмандары арасында «Сіз қандай партияны қолдайсыз? Егер сайлау қазір өткізілсе, сіз кімге дауыс бересіз?» деген сауалнама жүргізген болатын.

Онлайн дауыс беруге барлығы 24 069 адам қатысты, бұл Telegram-каналдардың қазақстандық жазылушыларының 1/3 құрайды. Сауалнамалардың қорытындысы бойынша, «Nur Otan» үшін 40-тан 69%-ға дейін дауыс берілді. Бұл ретте, басқа партиялардың дауысы іс жүзінде 10%-дан аспады.Айта кету керек, Telegram IT, ғылым және өнерді ұнататын шығармашылық қауымның платформасы болып қала береді. Бұл – студенттер, менеджерлер мен мамандар, жоғары білімі бар орта тап.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1981
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571