Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
2418 0 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 11:35

Қанат Исаев Қырғыз парламентінің спикері болды

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш спикері болып «Қырғызстан» фракциясының лидері Қанат Исаев сайланды. 13 қазанда «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өткен жалпы отырыста осындай шешім қабылданды.

Жалпы отырысқа 62 депутат қатысқаны хабарланған. Тағы 12 депутат өзінің атынан дауыс беруге сенім білдірген екен. Дауыс беру нәтижесінде 80 бюллетень қолданылған. Исаевтың спикер болуын қолдап 78 депутат, қарсы екі депутат дауыс берген.

Қанат Исаев алда өтетін парламент сайлауына қатысуға ниетті екенін жеткізді. Оның пікірінше, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуі тиіс емес.

«Президент орнында қалуы тиіс, қазір жағдай қиын. Көбі спикер президент міндетін атқара алады дейді. Бірақ толық орнын баса алмайды. Президенттен кетпеуін сұрауымыз керек. Бізге тұрақтылық орнатуымыз керек», – деді ол.

Осының алдында бір топ депутаттар спикер етіп тағайындаған Мыктыбек Абдылдаев 10 қазанда бұл қызметтен бас тартатынын мәлімдеген.

Айта кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өткен. Оған ұзын-ырғасы 16 саяси партия қатысқан. Сайлаудың қорытынды есептері жарияланғаннан бастап, саяси күштер Бішкектің «Ала-Тоо» алаңында наразылық акцияларын бастаған. Оның арты төңкеріске ұласқан.

Бірнеше күнге созылған саяси төңкерістен соң, Қырғызстанның премьер-министрі, Парламент спикерлері мен бірнеше қаланың мэрлері өз еріктерімен доғарысқа кетті. Сайлаудың нәтижелері жойылып, қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. Парламентке өтпей қалған оппозиция жеңген партияларды «әкімшілік ресурстарды пайдаланды, дауысты сатып алды», деп айыптаған.

6 қазанда, түнде наразы халық «Ақ үй» мен Парламентті басып алған. Сол күні наразылар түрмеде отырған бірнеше саясаткерді қамаудан босатқан. Олардың арасында экс-президент Алмазбек Атамбаев пен экс-депутат Садыр Жапаров та болды.

10 қазанда Садыр Жапаров премьер-министр қызметіне бекітілген. Кейбір депутаттар оның қызметке тағайындалуының заңдылығына күмән келтіреді.

Бұған дейін Сооронбай Жээнбеков «мемлекет құқықтық жолға оралған соң президент қызметінен кетуге даярмын», деген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Біріккен Ұлттар ұйымы Сооронбай Жээнбековті Қырғызстанның легитимді президенті деп сайнайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2019
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586