Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2661 0 пікір 6 Қаңтар, 2012 сағат 11:41

Жаңаөзенде төтенше жағдай: сайлау өтпейтін болды!

Жаңаөзенде жарияланған төтенше жағдай Елбасының жарлығымен 31 қаңтарға дейін ұзартылған болатын. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласында Мәжіліс сайлауының өтпейтіндігі туралы хабарлады. Журанлистерді Жаңаөзенде сайлаудың өтпейтіні турасында  ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос   құлғадар етті.  

«Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық кеңестің шешеміне сүйене отырып, Жаңаөзенде бесінші рет шақырылып отырған Мәжіліс сайлауы мен мәслихат сайлауы өтпейтіндігін хабарлайды», - дейді Фоос. Қалған қалалар мен елді мекендерде сайлау 15-ші қаңтарда болады.  

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік ресми деректер бойынша 16 адамның өмірін қиып, жүзден аса жанды жарақаттады. Жаңаөзендегі мұнайшылар мәселесінің оңды шешілмеуі қала экономикасының күйреуіне әкеліп, билік қаланы қалыпқа келтіру үшін 20 миллион доллар көлемінде қаражат бөлді. Жарты жылдан бері аштық жариялап, жалақының аздығына қапаланған мұнайшылардың қаласы бір күнде талқандалды. Аймақтағы асқынған жағдайды реттеу үшін Елбасының келгені де  жағдайдың мәз еместігін аңғартса керек. Әкім ауысты, шенеуніктер қызметінен қағылды. Қалада комендаттық сағат орнап, төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде Жаңаөзендегі жағдай тұрақталып келеді. Тыныш өмір қайта басталғандай. Үкіметбасы Кәрім Мәсімовтың баспасөз хатшысы Жаңаөзендегі мұнай компаниялары жұмысынан қуылған мұнайшыларды қайтадан қызметке қабылдап жатқанын хабарлаған. "Қаражамбасмұнай" және "Өзенмұнайгаз" компанияларына бүгінге дейін 400-ге жуық жұмысқа қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Тәртіпсіздік кезінде туыстары қайтыс болған отбасылардың 1 миллион, жақындары жарақат алған жанұялардың 500 мың теңге көлемінде көмекақы алатынын Өмірзақ Шөккевтің өз аузынан естідік. Жаңа жыл мерекесі Жаңаөзенде шығынсыз, тыныш өтті. Қаладағы мектептер мен балабақшалар да есігін айқара ашып, қызметіне кіріскенін оқырманға жеткізгенбіз. Алайда, қаладағы комендаттық сағаттың қаңтардың соңына дейін созылуы көңілге күдік ұялатады. Бұл әлі де болса халықтың көтеріліп кету қаупі бар деген биліктің қорқынышын көрсетсе керек.  Оның  үстіне, қаладағы комендаттық сағаттың созыла түсуі Жаңаөзендіктерді сайлауға қатысу құқынан біржолата айырды. Себебі, Ата заңда төтенше жағдай жарияланып, комендаттық сағат орнатылған аймақтарда  сайлаудың өтпейтіні туралы жазылған. Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов Конституцияға сәйкес жұмыс істеп отырғандықтан, Жаңаөзендіктердің сайлауға қатыспайтынын хабарлады. Жаңаөзендегі жағдай осындай. Ең бастысы, қалада тыныштық орнап, бейбіт күндер қайта оралсын деп тілейміз.
«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2110
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2522
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2218
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625