Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Өзгелер 5253 42 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 09:49

Қырғыздар тағы көтерілді. Жээнбеков «қашып», Атамбаев босап шықты...

Өткен түнде митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20:00-ден басталып, ақыры наразы халықтың «Ақ үйге» басып кіруімен аяқталды.

Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірген. Куәгерлердің айтуынша, осыған бірнеше минут қалғанға дейін парламент ғимаратынан көліктер колоннасы шыққан. Митингіге шыққандармен бірге ғимаратқа республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев та кірген. Президент резиденциясының аумағында Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары болмаған.

Сооронбай Жээнбеков собрал экс-премьеров.

Ресми расталмаған ақпаратқа сүйенсек, ел президенті Сооронбай Жээнбеков елдің оңтүстігіне ұшып кеткен.

Счастливый Атамбаев передает народу привет — Новости политики, Новости Азии — EADaily

Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ғимаратын басып алған демонстранттар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты босатып алған.

Биыл 23 маусымда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевты заңсыз бостандыққа шығарды деген айыппен 11 жыл 2 айға сотталған.

Сондай-ақ, 2019 жылғы Кой-Таш оқиғасына байланысты Атамбаевтың өзіне және жақтастарына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Садыр Жапаров обнаружен с порезанными венами в СИЗО-1

Кешегі жалпыхалықтық наразылықтар кезінде  2018 жылы 11 жылға сотталған экс-депутат Садыр Жапаров та бостандыққа шықты.

Саясаткер бірден алаңға барып, митингке қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өзін босатқандарға алғысын жеткізді.

«Мен үш жарым жыл түрмеде отырдым. Сіздердің арқаңызда бостандыққа шықтым. Біз бір нәрсені еске сақтайық: қырғызбыз ба, орыспыз ба, өзбекпіз бе, бәріміз бір елде тұрып жатырмыз! Бәрін заң аясында шешейік. Қазір тарауымыз керек. Күшпен ештеңе шешпейміз. Бәрібір заңсыз болады», - деді экс-депутат.

Сапар Исаков непричастен к богатству тестя » Новости Центральной Азии

Сонымен бірге Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты да халық босатып алды.

Оның адвокаты Замир Жоошевтің сөзінше, оны саясаткердің жақтастары босатып алған.

«Заңға сәйкес, жақын уақытта сот Сапар Исаков пен Алмазбек Атамбаевтың істерін қайта қарап, оларды ақтауы тиіс. Бәрі заң аясында болуы тиіс», - деді заңгер.

Задержан Равшан Жээнбеков. В чем его подозревают

Тағы бір экс-депутат Равшан Жээнбековтің босатылғаны жөнінде ұлы Азат «Twitter» парақшасына жазды.

Ал Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі халықтық дүмпуден кейін жедел үндеу жасады.

«Өткен түні кейбір саяси күштер мемлекеттік билікті заңсыз қолға алмақ болды. Олар сайлау қорытындысын себеп ретінде пайдаланып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Мемлекет тыныштығы, қоғам тыныштығы кез келген депутаттық мандаттан бағалы.

Орталық сайлау комиссиясына заңбұзушылықтарды әбден тергеп, қажеттілік туындаса, сайлау қорытындысын жоюды ұсындым.

Саяси партиялардың көшбасшыларын өз жақтастарын тыныштандырып, таратуға шақырамын», -делінген мәлімдеме.

Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш сайлау қорытындылары жойылды. Бұл туралы Бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов хабарлады.

«Бірақ әзірге біз жаңа дауыс беру күнін белгілемейміз. Оған уақыт жоқ», - деді Алмамбет Шықмаматов.

4 қазанда Қырғызстанда Жогорку Кеңештің VII шақырылымына сайлау өтті. Оған 16 партия қатысты. Олардың тек төртеуі ғана 7 проценттік межеден өтті.

Жеңілген партиялар сайлауы кезінде әкімшілік ресурстардың көмегімен өрескел заң бұзушылықтардың орын алғанын мәлімдеді.

Ал жеңіске жеткен «Биримдик» партиясы қайта сайлауға дайын екенін жеткізді.

Abai.kz

42 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 549
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 283
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 305
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 313