Жұма, 17 Мамыр 2024
2194 0 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 12:58

Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды

Алматыда қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдемесінде айтылды.

«Олардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болғандығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны ауру туыстарынан жұқтырғаны анықталды. 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен барған кезде анықталды. 1 оқушы - бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында профилактикалық тексеруден өтер кезде табылды», - делінген мәлімдемеде.

Ал, мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус ауруы болған жоқ.

Мектеп оқушылары мен Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін мектеп оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматы енгізілді. Сонымен қатар ата-аналары қадағалауға мүмкіндігі жоқ балалар үшін 178 мектепте 11942 оқушыға арналған 917 кезекші сынып ашылды. Мұнда барлық профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып білім алуға жағдай жасалды (9,8% бастауыш сынып оқушылары).

Сондай-ақ, оқушылар саны аз 10 мектеп пен 8 мектеп-интернат қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқу басталғанға дейін арнайы мобильдік топтар білім беру объектілеріне дайындық актілері берілді. Тексерулер кезінде анықталған карантиндік режимнің бұзылуымен байланысты кемшіліктер, сабақ басталғанға дейін жойылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619