Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3527 0 пікір 5 Қазан, 2020 сағат 12:49

Алматының театрлары қашан ашылады?

Алматыдағы театрлар 6 қазаннан бастап жұмысына қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған. Ал, Қазақстанның басқа қалаларында театрларға 17 қыркүйекте жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс.

«Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», - делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.

Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Айта кетейік, Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2080
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2144
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612