Сенбі, 18 Мамыр 2024
2359 3 пікір 3 Қазан, 2020 сағат 18:27

Трамптан коронавирус анықталып, карантинге кетті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Мелания Трамп коронавирус тестінен өтіп, нәтижесі оң шыққан.

"Дереу карантинге кетеміз, айығу процесін бастаймыз. Бәрін бірге өткереміз" деп жазды Трамп Twitter-де.

Бұған дейін президент кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус табылғаны хабарланған еді. Соңғы бірнеше шара кезінде ол Трамптың жанында болған.

Ақ үйдің таратқан ресми мәлімдемесінде "президент өзі мен айналасындағы, өзін қолдайтын адамдар мен Америка халқының денсаулығына жауаппен қарайды" делінген.

Осыған дейін де Ақ үй шенеуніктерінен Covid табылған. Мамыр айында АҚШ вице-президенті Майкл Пенстің бұрынғы баспасөз хатшысы Кэти Миллерден коронавирус табылған. Кейінірек АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О'Брайенге де коронавирус жұққан. Екеуі де айығып, жұмысына оралды.

Трамп сайлауалды кезеңнің нағыз қызған шағында коронавирусқа шалдығып отыр. АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651