Жұма, 10 Мамыр 2024
2410 1 пікір 2 Қазан, 2020 сағат 11:35

Ташкентте «Abai Uii» ашылды

Ташкентте «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды. бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді. 

2020 жылғы 1 қазан күні «Отандастар қоры» КеАҚ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Ташкент қаласында (Өзбекстан) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет Департаментінің кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі Руслан Дүйсенов, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.

Іс-шара аясында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада Омбы қаласында (РФ) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Бішкек қаласында (Қырғызстан), Берлин қаласында (Германия), Ыстамбұл қаласында (Түркия) тағы 3 «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы жоспарланып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1911
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2013
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1685
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515