Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
3149 2 пікір 24 Қыркүйек, 2020 сағат 13:09

Коронавирустың екінші толқыны болса, 162 мың азамат жұмыссыз қалуы мүмкін

Коронавирустың екінші толқыны болса, 162 мың азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Егер коронавирустың екінші толқыны басталып, қатаң шектеу шаралары қабылданса, біздің бағалауымыз бойынша 2 миллион 200 мың адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Болжамға сүйенсек, осы жағдайда 4 млн адам жұмысын сақтап қалады, 162 мың азамат жұмыссыз қалуы мүмкін», - деді министр.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бұл кезеңде ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысы сақталады. Ал 2,5 миллион адам қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуы мүмкін. 2 млн адамның жұмыс уақыты қысқарып, олар ақылы немесе басым бөлігі ақысыз демалысқа шығарылуы ықтимал.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1698
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1654
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1318