Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3174 0 пікір 28 Желтоқсан, 2011 сағат 06:56

ККМ басшысы көліктің барлық түрдерінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ - Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев көліктің барлық түрдерінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды, делінген көлік ведомствосының ақпаратында.

ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Қазақстан темір жолы» АҚ-ына кіретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қала маңы жолаушылар тасымалы» АҚ , «Эйр Астана» және Скат әуекомпаниялары, Алматы және Астана әуежайлары басшыларының қатысуымен әуе және темір жол көлігінде жолаушыларды тасымалдау жиілігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді.

Баспасөз хабарламасына сәйкес, кеңесте жолаушылар тасымалы және жолаушылар пойызының кешігуі туралы ақпарат тыңдалды. Сонымен қатар, еліміздің әуе компаниялары мен әуежайларының ұшу жиілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жатқаны атап өтілді.

«Сәйкес ведомстволардың басшыларын тыңдаған министр Б. Камалиев  көліктің барлық түріне үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету керектігін атап, әр шаруашылық жүргізуші субьектілер алдына нақты міндеттер қойды», - делінген ақпаратта.

Осылайша, әуежайлар мен вокзалдар, әуе және темір жол компанияларының бірінші басшылары тасымалдаудың жиілігіне жеке жауап береді. Әр кәсіпорын компанияның басшылары арасынан жауапты тұлғаларды анықтау қажет.

«Осы тұлғалардың байланыс мәліметтерін енгізіп, кезекшілік кестесін құру және азаматтық авиация мен қатынас жолдары комитеттеріне ұсыну қажет. Барлық ведомствоға қарасты кәсіпорындардың жұмыскерлеріне жалақыны толық қамтамасыз ету тапсырылды. Келеңсіз жағдайларда оперативті түрде министрліктің штабына хабарлау қажет», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, министр Б.Камалиев Көкшетау және Петропавл қалаларындағы әуежайларда еңбек ақысы бойынша қарыздарды уақытылы өтеу мәселесін тыңдады. Кеңестің қорытындысы бойынша министр хаттамалық тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, ККМ басшысы президенттің төрағалығымен президент әкімшілігінің, үкіметтік, «Нұр Отан» партиясы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткендігін еске салды. Алдағы жаңа жыл мерекесі мен мәжіліс сайлауы бойынша электоралды кезеңге байланысты президент әр министр осы кезеңде өз саласындағы жағдай мен жұмысқа жеке жауапты екендігін атап өтті.

«Әуе рейстері мен пойыздардың кешігуіне көлік және коммуникация министрі жауап беретінін нақты атады», - деді Б.Камалиев.

0 пікір