Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3357 0 пікір 27 Желтоқсан, 2011 сағат 04:40

Болат Жетекбай. Мен не дейін?

Мен не дейін? Ел қырылған  күн еді.

...Содан кейін  шаңды боран үдеді.

Солып қалмай соға берді әйтеуір

Соры қалың қазағымның жүрегі.

 

Арқа сүйер Отанына сеңгірдей

Сенген күйі інім өлді өндірдей.

Гүл- өмірін жұлып кетті жалғыз оқ,

Ақ боранда адасқан жоқ жол білмей.

 

Тағы бір оқ сұлатқанда досымды,

Аққан судай  алқызыл қан жосылды!..

Көкке қарап көк бөрідей ұлыған

Оның зары ел зарына қосылды.

 

Періштедей қарындасым -  ол өлді,

Шын жыладым, бұл өмірден не көрді?!

Келер күнніңжібітпесін білемін

Көкірекке қатып қалған шеменді.

 

Өліп жатты, өліп жатты.. көп өлді.

Асыққандай тізбектеліп  жөнелді.

Бір-ақ күнде  жетімдігін сезініп,

Бір-ақ күнде ел дидары көнерді.

 

Алай-дүлей қар борамай, оқ борап,

Ажал жүрді жас ғұмырды ноқталап.

Арашалап ала алмадық ешбірін

Кінәмізді  кімдераршып, ақтамақ?!

 

Осы бір күн - зауалды күн, ойран күн,

Жаназаға жардай атан сойған күн,

Жоқтау айтқан жеңешемнің дауысы

Жамағаттың тыныштығын жойған күн.

 

Жоқтау үні Жаратқанға жеткен күн,

Тұрлауы жоқ дүниені жек көрдім...

Аямадың, «ат!» дедің ғой, мойында,

Неге мұнша өз халқыңа кектендің!?

 

Мен не дейін? Ел қырылған  күн еді.

...Содан кейін  шаңды боран үдеді.

Солып қалмай соға берді әйтеуір

Соры қалың қазағымның жүрегі.

 

Арқа сүйер Отанына сеңгірдей

Сенген күйі інім өлді өндірдей.

Гүл- өмірін жұлып кетті жалғыз оқ,

Ақ боранда адасқан жоқ жол білмей.

 

Тағы бір оқ сұлатқанда досымды,

Аққан судай  алқызыл қан жосылды!..

Көкке қарап көк бөрідей ұлыған

Оның зары ел зарына қосылды.

 

Періштедей қарындасым -  ол өлді,

Шын жыладым, бұл өмірден не көрді?!

Келер күнніңжібітпесін білемін

Көкірекке қатып қалған шеменді.

 

Өліп жатты, өліп жатты.. көп өлді.

Асыққандай тізбектеліп  жөнелді.

Бір-ақ күнде  жетімдігін сезініп,

Бір-ақ күнде ел дидары көнерді.

 

Алай-дүлей қар борамай, оқ борап,

Ажал жүрді жас ғұмырды ноқталап.

Арашалап ала алмадық ешбірін

Кінәмізді  кімдераршып, ақтамақ?!

 

Осы бір күн - зауалды күн, ойран күн,

Жаназаға жардай атан сойған күн,

Жоқтау айтқан жеңешемнің дауысы

Жамағаттың тыныштығын жойған күн.

 

Жоқтау үні Жаратқанға жеткен күн,

Тұрлауы жоқ дүниені жек көрдім...

Аямадың, «ат!» дедің ғой, мойында,

Неге мұнша өз халқыңа кектендің!?

 

Ау, басшымыз, жарға таман таяндық,

Құлар кезде енді несін аяндық?!

Алдыменен  бұл ісіңе жауап бер,

Аз қазақты атып қырған  аярлық!..

 

Тоймадың ба байлық пенен билікке?!

Құрақ ұшып, қолыңнан аз сүйдік пе?

Бір бәлені өзің бастап алған соң

Ермін десең енді қорқып, илікпе!

Мен не дейін?

Ел-халқыңа, өзің айт!

Жалтақтамай тура  қарап көзіне айт!

Фәнидегі Ар сотының алдында

Күнаһардың ең ақырғы сөзін айт!

 

Бейбіт таңда елім неге зарлады?!

Қызыл мұнай...  қан атқақтап парлады.

...Түніменен ұйықтатпайды бізді де,

Шейіт кеткен құрбандардың арманы.

***

Ферғана.

Көп қырылып өзбектерім,

Қаһарын қаһаныңның сезбеп пе едің?!

Әзірәйіл қуанды көзі көріп,

Әскердің оқ жаудырып тез жеткенін.

 

Бішкек, Ош...

Жүздеп өліп қырғыздарым,

Тағынан қуып, ханды тұрғызбадың!

Қайда да қара халық қайғы жұтып,

Сұрқия саясаттың білді ызғарын.

 

Жаңаөзен.

Баудай түсіп қазақтарым,

Оқ атты, мылтық кезеп кеззаптарың!

Қақырап қабырғасы қайсар ұлдың

Қарсы алды абақтыда  азап таңын.

 

Астана,

алыс-жақын аймақтарым,

Алдында төрелердің маймақтадың!

Радио, теледидар, мұқым газет

Құптады  жағымпазды сайратқанын.

 

Басқарған кімдер бізді?.. бағамдадық.

Сөзінен түйір дәнек таба алмадық.

Қосылып «өңкей қиқым» билеріме

Бүлікші, бұзақыны жамандадық.

 

Халыққа оқ атқанды айыптамай,

Жарлықты бергенді де анықтамай,

Дұшпанды шетелдегі лағнаттап,

Жағалай белсендінің жаныққаны-ай!

 

Бәрі айтты: «Бәтуаға тұрақтаңдар»,

Күні ертең тағы атпай ма бір атқандар?!

...Табылды ерлерім де теңдік сұрар,

Жылаған қаралыны жұбатқан бар.

 

Тағы да аламанды арбай билік,

«Бірлік керек» деп жатты, қандай бірлік?

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды»,

Іш - жалын, ар отына жанбай күйдік.

 

Алматы.

Екі миллион бұқарасы.

Бірі - мен..,

ал, мен кімнің шікәрасы?

Кешегі қайда қалды үміт-сенім,

Қайда екен шаттығымның жұқанасы?

 

Несіне нас-наданға кейіп келдім?

Ойласам, бір жағымсыз кейіпкермін...

Жазылған жыр еді бұл жарым түнде,

Жетісін берген күні шейіттердің.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2252
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2605
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2587
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1692