Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3137 0 пікір 26 Желтоқсан, 2011 сағат 08:51

Нұра Матай. Бір адамның өзін үш рет атуы, Жаңаөзендегі «терроризм» және мұнайышының басына тігілген бәйге

Жаңаөзен оқиғасына 10 күн толды. Оқиға қоғамды екіге бөлуде. Біріншісі, оқиғаға қатысты биліктің мән-жай толық зерттелмей, анықталмай жатып бірден кесіп-пішіп берген бағасына бас изегендер. Екіншісі, оқиғаны тексеру, тергеу, бағасын беру, істің әділетті түрде жүруін, атылған оқтың және атуға бұйрық берген адамның жазалануын талап етушілер. Әрине, қоғамның бұрында біртұтас болып, бірлікте тұрғаны шамалы еді. Сөйтіп, Жаңаөзен билік пен қоғамның арасындағы онсыз да жоқ сенімді біржолата үзді.

Он күннің ішінде ғаламтор арқылы оқиғаға қатысты түрлі бейнетаспалар тарады. Елге билік қана қарап, күзеп-түзеп тарататын ақпарат пен балама ақпараттың ақ-қарасын көре алатын, ажырата алатын мүмкіндік туды. Бірақ, қоғам бәрібір түрлі әлеуметтік желілер мен сайттарда ашынған, ызалы пікір жазып қалдырудан әріге бара алмауда. Бойдағы саяси үрей жұртты жүгендеп ұстап жіберер емес. Десе де, қоғамның ішкі қарсылығы күшті екені байқалды.

Он күннің ішінде қоғамдық-саяси ұйымдар қарымта қимылға көшіп, Жаңаөзен оқиғасына байланысты қоғамдық комиссия құрысты. Алайда, Жаңаөзенге жете алмады. Ал, азаматтық қоғам өкілдері жаралылар үшін қан тапсыру, көмекке қаражат жинау секілді істермен айналысты.

Бекерде ұлтаралық татулықты ұрандатып, жұмақ Қазақстан туралы айтудан жалықпайтын өзге этностық топтардың ұйымдары мен олардың үлкен үйі ассамблея Жаңаөзен туралы жақ ашпады. Я, қуанғаны, я қайғырғаны белгісіз.

Он күннің ішінде билік Жаңаөзенге «бұзақылар, наша мен арақтың әсеріндегі топ» деп істің анық-қанығына жетпей, зерттемей, сотсыз бірден баға берді. Бұл аз дегендей Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхаметжанов: «Мен төрт жыл бойына ішкі істер министрі болдым, талай үлкен істерді тергеп-тексердім, кез келген қылмыс бүгін болмаса, ертең ашылады. Бұл - арнайы дайындалған процесс. Біз барлық қисынды, сонымен бірге шетелден шықты деген болжамды да  тексереміз және айтылып жатқан адамдардың ықпалы жөнінде де тергеледі. Тергеу амалдары қисынды қорытындыға келеді. Бұл - нағыз терроризм» деді (Азаттықрадиосы).

Әлбетте, Мұхаметжанов мырзаның өзі айтқандай оның «талай үлкен істерді тергеп-тексергенін» жалпақ жұрт жақсы біледі. Сол үлкен істің бірінің қортындысы «Өзін-өзі үш рет атқан» болып шыққанын да ешкім ұмытқан жоқ.

Сөзіне қарағанда, Бауыржан Мұхаметжанов өзін әлі ішкі істер министрі сезінетін сықылды. Әйтпесе, ақ-қарасын сот шешіп, сот бағасын беретін істі «Бұл - нағыз терроризм» деуі қай сасқаны. Әкімнің міндеті - аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету, Жаңаөзенді қалпына келтіру, өңір халқымен тығыс байланысып, елмен бірге жұмыс істеу болса керек еді.

Оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 16 адамға жергілікті билік іздеу жариялап, оларды тауып берген адамдарға арнайы сыйақы тағайындаған. Азаттық радиосы іздеу салынған 26 адамның 16-сының тізімін жариялады.
1. Наталья Әжіғалиева
2. Мұратбай Мусинбаев
3. Жанат Муринов
4. Бақытжан Муринов
5. Қанат Естебаев
6. Нұрлан Түркебаев
7. Орынбасар Түркебаев
8. Ербол Болысов
9. Естай Қарашаев
10. Бауыржан Лепесов
11. Әлихан Нұрметов
12. Шабдул Өткелов
13. Ғазиз Мейманов
14. Алдонғар Телеқосов
15. Марат Рахметбеков
16. Ақиса Орынбасынов

Осылайша, басына бәйге тігіп, «қылмыскер» іздейтін күйге жеттік. Бұл өзі әбден ескірген болшьевиктік тәсіл.

Ең өкініштісі - Жаңаөзен оқиғасы   күн сайын құбылып, алаңда атылған оқ пен оқ атуға бұйрық берген адамдарды анықтау мәселесі алыстап бара жатыр...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2252
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2605
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2587
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1692