Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3700 0 пікір 26 Желтоқсан, 2011 сағат 04:57

Нұртас Иманқұл. Бетперденің ар жағындағы Ертісбаев (басы)

Інжілді, Жохан жазған Ізгі хабарды оқиық: «Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес». Демек, Сөз (тіл) дегеніміз Құдай, Бастау, Өмір, Нұр, Құдаи даналық екен. Бұл жойқан Ақиқатты орыс, араб, грузин, эстон, түрік, дүниенің бүкіл өркениетті халықтары біледі, бірақ қазақстандық интеллигенциясы деп аталатындар мен қазақ билігі біле алмайды және білгісі келмейді. Қазақстанда жиырма жыл бойы қазақ тілі мен рухына деген «қарғыс» елесі кезіп жүр. Ана тілі толық қанды қызмет ете алмай қазақтар өз жерінде жат, бөтен, зомбиланған, виртуалды дүниеде, тіл геноциді мен расизмі жағдайында өмір сүруде.

Інжілді, Жохан жазған Ізгі хабарды оқиық: «Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес». Демек, Сөз (тіл) дегеніміз Құдай, Бастау, Өмір, Нұр, Құдаи даналық екен. Бұл жойқан Ақиқатты орыс, араб, грузин, эстон, түрік, дүниенің бүкіл өркениетті халықтары біледі, бірақ қазақстандық интеллигенциясы деп аталатындар мен қазақ билігі біле алмайды және білгісі келмейді. Қазақстанда жиырма жыл бойы қазақ тілі мен рухына деген «қарғыс» елесі кезіп жүр. Ана тілі толық қанды қызмет ете алмай қазақтар өз жерінде жат, бөтен, зомбиланған, виртуалды дүниеде, тіл геноциді мен расизмі жағдайында өмір сүруде.

Біздің орыстілді билікке қазақ ұлтының мүддесі көк тиын. Өзінің ана тілінсіз, өз тағдырының ырқы өзінде болмай қазақтар рухани жат дүниеде тіршілік етуде. Тілдік кеңістікте Қазақстан - Ресейдің үлкен губерниясы. Тілдік нигилизм, биліктің мемлекеттік тілге қатынасы, «негрдің күнге қараюуы» - біздегі шындықтың масқаралық құбылысы. Мемлекеттік тілдің халықаралық стандартқа сай қызмет етуін мойындамайтын мемлекеттік билік - заңсыз, өлік. Қазақстанда қазақ тілі - өлі тіл. Өлілер туралы жақсы айту керек немесе ештеңе айтпау керек. Қазақ тілінің ең басты «көр қазушысы» туралы мен бір жерде жазып едім. Енді одан да қалыспайтын алапат «көр қазушылар» туралы сөз бастайық.

Ермухамет Ертышбаев, «ер» - «ер-тоқым», «батыл» деген мағынадағы түбір сөзден туындайды, яғни қазақ тілі мен рухына қарсы шығатын «азамат», «жігіт», «батыр» дегенді білдіреді. Қазақтың алтын перзенті Алтынбек Сәрсенбайұлы кезінде, президент кеңесшісі, бұрын КПСС тарихы оқытушысы және үгітшісі болған Е. Ертісбаев туралы: «Ол - президент кеңесшісі ғана, сондықтан ол қоғамға емес, президентке кеңес беруі керек. Мемлекет басшысы қабылдаған шешімдерге, шын мәнінде, президент әкімшілігіндегілер немесе қоғами - жұртшылықпен байланысқа жауап беретін адамдар түсініктеме берулері керек», - деген. Біздің көретініміз, ол бәрін білгіш, әрбір тесікке тығын, кеңесші санатында оны саясаттағы шоу ретінде елестетесіз. Оның түйіні жоқ сылдыр сөз, сүреңсіз, едіреңдеп сөйлеу мәнері қоғамда баяғыдан бері жағымсыз және жек көрінішті әсер қалдырады. Оданда бетері, оның беталды, ешбір дәлелсіз сөйлеуі, жүгенсіздігі, саяси баға беру мен пайымдау, пікір айтудағы оның гипертрофиялық, шектен шыққан өзімшілдігі шынында да қоғамда билікке деген жек көрінішті қалыптастыруға ықпал етті. Е. Ертісбаев портретіне тамаша мінездемені «Правда Казахстана» газетінің 11.11.2010 ж. №40, «Ол өзін жарқыраған жарық ретінде көрсеткісі келеді» деген мақаласында Дәурен Арман (ДА) береді. Мен осы мақалаға көбірек тоқталамын, сілтеме жасаймын.

«Азғындықтың екі тегі бар деп саналады: біріншісі, адам қоғам мен мемлекет мүддесін, пайдасын емес, тек өзінің қамын жейді. Екіншісі - экзальтанған менмендікпен азғындану, бұзылу - бұл ауру жазылмайды, өйткені оның емі адамның өзінің мінезінде бітімделген - шектен шыққан, өлшеусіз, ессіз өзін сүю, көрсету» (ДА). Осы «екіжүзділік» бұзылудың, азғындықтың шығу тегі көбінесе мансапқорлық. Кезінде Ф. Ницше де жазған: «мансапқорлық дегеніміз өзі сондай болмаса да, бірақ ұқсап бағатын, яғни өзі тәуелдікте болып, өзін тәуелсіз етіп көрсетуге тырысатын адамның ықтиярсыз бейімділігі».

«Кеңесші Е. Ертісбаевқа қарасаңыз, - не деген паңдық, менмендік, қылымсушылық, мақтаншақтық, даңғойлық. Ол билік буымен өзін шексіз емін-еркін сезінеді және тіпті арсыздау, дөрекі» (ДА).

«Уақыт көрсетті: шенеунік - кеңесші Е. Ертісбаев (ЕЕ) үшін саясат - ең алдымен оның өзі үшін, өзінің амбициясын қанағаттандыру үшін керек. Дәл осы саяси мәселелер бойынша президенттің кеңесшісі лауазымы оған өте тиімді болып тұр, өйткені оның жеке басына қызығушылықты ұдайы ұстап тұру, ең бастысы - оған деген сұранысты тудыру, саясаттың жаңа сфераларына қатыса алу мүмкіндігіне ие болуы үшін керек. Және де айтарымыз: оның жұртты дүрліктіретін демократиялық ашықтығының артында өзін-өзі мақтау, өзін дәріптеушілік, өзгелерге қыр көрсету популизмі жасырын жатыр» (ДА).

Кеңесші Е.Е-нің ең осал жері, кемшілігі - ұждан, әдептілік, саясаттың әдептілік аспекті, саясаттан әдептілік құндылықтары мен қағидаттарын жоғалту, оны саналы түрде, негативті, қасақана жүргізу. М. Шахановты сынай келе, ойына, аузына не келсе, соны айта салу: «Мына сәтті елестетейік. Барлық орыстар Қазақстаннан кетіп қалды. Өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері де эммиграцияға кетті. Тілді білмейтін немесе нашар білетін қала қазақтары да кетуге шешім қабылдады. Міне, мәжілістің бірінші отырысы, Шаханов немесе өзге мәжіліс спикері айтса: «Ал, кәні бұл залда орыстар жоқ, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері де жоқ, шала-қазақтар да жоқ, сондықтан орыс тілінде сөйлейік. Бұл ыңғайлы және тезірек» («Мегаполис», №38 10.10.2011).

Өткен уақыттың, заманның ең басты сабағы сол, қоғамның рухани, әдептілік салауаты сферасындағы жіберілген елеулі қателіктер мен жаңсақтықтар мемлекет өміріне, әсіресе, қазаққа қымбатқа түсіп отыр. Әдептілік принциптері мен нормаларын елемейтін саясат әрқашан антиадами және антиәлеуметтік болып табылады.

Авторитарлық, өктемшіл тұлға ретінде президент кеңесшісі шын мәнінде күрес үшін күресу ауруына шалдыққан. Жанжал, шиеленіс, соқтығыс, әсіресе БАҚ-та жанжалқой мәлімдеме жасау, себепті себепсіз біреуге айып тағу, күншілдік, бекерден бекерге  жала жабу оның анық бейнесі: «Егер Шаханов пен оның серіктері талап етіп: тек қазақша сөйлеңдер десе, онда Конституцияны бұзған (?!) болады және қоғамда шиеленіс туғызып, оны бөлінуге әкеледі. Олар ұшқалақ, қызба мінезді (?!) адамдар ғой, не тыңдай да алмайды, не ести де алмайды. Сен оларға Фома туралы айтсаң, олар саған Ерома туралы айтады! Сен оларға конституцияға қарсы ғой десең, олар саған - шіреген жұмыртқа ұсынады. Бұл адамдармен қалай сөйлесуге болады? Олар ақылмен емес, эмоциямен өмір сүреді» (Время, №144, 04.10.2011). Мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын Е.Е-нің өзі Конституцияны бұзып тұр!

Е.Е-нің адам намысына тіл тигізіп сөз айтуы, жәбірлеуі жиі кездеседі. Естеріңізде болар, «Время» газетінің журналистік ұжымы атына, Қазақстан журналистер Одағының төрағасы С. Матаевты, біздің Мұхтар Шахановты қорлауы: «Жиырма жыл бойы қазақтарды ғана емес, бүкіл Қазақстан азаматтарын селт еткізер бір шығарма жаза алмаған Мұхтар Шахановқа немесе басқа ақын-жазушыларға «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын беру керек шығар?! Егер сондай бір әдеби туынды шықса, барлық жұрт соны жапатармағай оқып, қазақ тілін үйрене бастамай ма?!» («Айқын», №192, 15.10.2011). Бұл «Е.Е-Цицеронның» ақылы жетпейді; егер қазір Пушкин мен Абай тіріліп келсе, оны ешкім байқамайтын заманда өмір сүріп тұрғанын.

«Е.Е-ге одан да білгіш, ақылды, одан да артық жөн айтатын адамдар болатыны ойына да келмейді. Оның ұйғаруынша, тек оның айтқаны, оның пікірі мен сандырағы әрқашан дұрыс, бар нәрсенің өлшемі, айғағы. Ең шынайы ақиқатты сол ғана айтуы керек, бірінші болуы үшін кеңесші «соңына дейін» күресуге даяр. Ал онымен келіспейтін барлық қарсыластары, оппоненттері (саясаткерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері және т.б.) оның ызасын келтіреді, кейде долданған қояншық ұстамасына әкеледі. Оппонентті басып тастау, оған шабуыл жасау, шатастыру, тіл тигізу - бұл сізге жай қателік болып көрінуі мүмкін, бірақ олай емес; бұл зорығу - невроз, кеңесші санасындағы «невротикалық көбік». Е.Е-нің жанына майдай жағатын кекшілдік шаттану, оның дөрекі шабуылдары мен жәбірлеулерге баруы осы невроздан туындайды. Мәселен, өзінің пікір сайыстағы оппоненттерін оның бәлеқор деп, «білімсіз адамдар», «эклектиктер» немесе «сананың жіктелмеген ағымы» және т.б. деп жариялауы (ДА).

Е.Е-нің саяси мәселелер бойынша жазған, сөйлеген бірнеше мақалаларында («Ұлттық бірлік Доктринасына қарсы доктринерлер шығуда», «Литер», №5 16.01.2010, «Қазақстан халықтары арасына кім сына қағып жүр?» «Экспресс К», №13, 28.01.2010, және т.т.) біз кеңесшіге объективтік диалектикалық ойлау мүлде жетіспейтінін, оның ойлау жүйесі шолақ екенін аңғарамыз. Эмпириялық әлеуметтік-саяси шындықты жете түсінбей, ол жаттанды, астыртын ақпараттар легінен қазіргі саяси жағдайға сәйкес тек өзіне тиімді, ұнайтын тұстарын ғана теріп алады. Сонан соң фактілерден жалтарып, өңін айналдырып, сөзбен бұрмалап, қулыққа барып еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және қоғами-саяси өмірдің өткір, өзекті мәселелерін боямалау арқылы жасыруға, бүркемелеуге тырысады.

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2232
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2586
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2533
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1685