Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3287 0 пікір 26 Желтоқсан, 2011 сағат 04:34

Әміржан Қосанов. Жаңаөзенге

Өзенім, менің Өзенім,

Өзенім, менің өз елім!

Өзіңді атып жатқанда

Өз-өзім қалай төземін?

 

Өзенім менің, Өзенім,

Өрелі өлкем, өз елім.

Өлгенін көріп өреннің

Өртенді өксік өзегім!

 

Қымтанып күтем қысты алда,

Жылытар мені Өлең-дүр.

Бәйкүнә оққа ұшқанда

Күнәһар болып, мен өлдім!

 

От жанса, ізі - шоқ қалар,

Қаласаң жанар қар қалың.

Болайын саған оққағар,

Болайын сенің қалқаның!

 

Қалталы бүгін - арқалы,

Қалтасыздарға күш таңды!

Сырт күшке кінә артады, -

Таппай ма ішкі дұшпанды!

 

Әрбірі - жігіт сұлтаны,

Дес бере қоймас кім кімге!

Ырымшыл елдің ұрпағы

«Бүлікшіл» болды бір күнде!

 

Қомағай шеннің құлқыны -

Астары адам атудың!

Биліктің өзі бұл күні -

Атасы арандатудың!

 

Өзенім, менің Өзенім,

Өзіңнен қалай беземін?

Қорқақтық сынды бір дерттің

Қалайша табам тез емін!

 

Құдай-ау, қашан қарастың?

Ызадан қайнар бар қаным!

Бағы емес, соры Алаштың

Мұнайды бүгін қарғадым!

 

Ақтауым - ағым, ақ қала,

Жеңіл ме сенің құт-тұзың?

Мұнайдың түсі қап-қара,

Ал қанның түсі - қып-қызыл!

 

Өзенім, менің Өзенім,

Өзенім, менің өз елім!

Өзіңді атып жатқанда

Өз-өзім қалай төземін?

 

Өзенім менің, Өзенім,

Өрелі өлкем, өз елім.

Өлгенін көріп өреннің

Өртенді өксік өзегім!

 

Қымтанып күтем қысты алда,

Жылытар мені Өлең-дүр.

Бәйкүнә оққа ұшқанда

Күнәһар болып, мен өлдім!

 

От жанса, ізі - шоқ қалар,

Қаласаң жанар қар қалың.

Болайын саған оққағар,

Болайын сенің қалқаның!

 

Қалталы бүгін - арқалы,

Қалтасыздарға күш таңды!

Сырт күшке кінә артады, -

Таппай ма ішкі дұшпанды!

 

Әрбірі - жігіт сұлтаны,

Дес бере қоймас кім кімге!

Ырымшыл елдің ұрпағы

«Бүлікшіл» болды бір күнде!

 

Қомағай шеннің құлқыны -

Астары адам атудың!

Биліктің өзі бұл күні -

Атасы арандатудың!

 

Өзенім, менің Өзенім,

Өзіңнен қалай беземін?

Қорқақтық сынды бір дерттің

Қалайша табам тез емін!

 

Құдай-ау, қашан қарастың?

Ызадан қайнар бар қаным!

Бағы емес, соры Алаштың

Мұнайды бүгін қарғадым!

 

Ақтауым - ағым, ақ қала,

Жеңіл ме сенің құт-тұзың?

Мұнайдың түсі қап-қара,

Ал қанның түсі - қып-қызыл!

 

Аузыма дәмі кеп кермек,

Еңсемді басты мықты зіл!

Туымның түсі - көкпеңбек,

Ал қанның түсі - қып-қызыл.

 

Каспийдің көркі - көк айдын,

Шындықтың жолы - тіпті ұзын!

Басқаның түсі - неғайбыл,

Ашудың түсі - қып-қызыл!

 

Өзенім, менің Өзенім,

Аққуым ару, гөзелім!

Іздеумен сендей тектіні

Дүниені төрткүл кеземін!

 

Өзенім, менің Өзенім,

Өр мінез, өткір, өз елім!

Үндемей қалсам, дәл ертең

Менің де келер кезегім!

 

Ерекше ызғар бар қыста,

Көктемің - алыс сағым ба?

Біліп қой, билік, тартыста

Мен болам халқым жағында!

 

Өзенім менің, Өзенім,

Өркенді елдің өзі едің!

Өзенге көмек бермедің -

Ерлерсің қашан ез елім?!

 

Өзенім менің, Өзенім,

Өзенім  менің - өз елім!

Билікке тықыр таянды,

Мен соны анық сеземін!

 

Өлеңім - көңіл сарасы.

Қолымда - қалам, жыр туы.

Өмір мен өлім арасы -

Мылтықтың жалғыз дүмпуі.

 

Көрмейтін көзді соқыр ет,

Өрлеусіз өлкең - отарың!

Өсекшіл өктем - Өкімет,

Өгей боп кеткен Отаның!

 

Шырылдап шыдам шақ қалды,

Көзімнің жасын бұлайын.

Өзіңді бүгін атқанды

Атсыншы ертең Құдайым!

19 желтоқсан 2011 жыл

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682