Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3950 4 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 15:25

Депутаттар оқушыларды мектепке қайтаруды талап етті

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Білім және ғылым, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрліктеріне сын айтты. Ол мектеп оқушылары үшін дәстүрлі оқытуды қайтаруды талап етіп жатыр.

Ирина Смирнова Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытайда балалар мектептерде оқып жатқан кезде қазақстандық оқушыларды неге қашықттан оқуға мәжбүрлеп жатқанына наразылық білдірді.

Осылайша депутаттар санитарлық нормаларды сақтай отырып, тәсілдерді түбегейлі өзгертуді және білім беруді қашықтан әдеттегі режимге ауыстыруды талап етеді.

"Білім және ғылым министрлігі - әрбір баланың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әрбір оқу орнына мемлекеттік стандартты сақтауға еркіндік беру. Денсаулық сақтау министрлігі - ДДҰ ұсынымдарын орындау", - деді депутат Смирнова.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Abai.kz

4 пікір