Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 2910 3 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 13:41

Ефремов неге сотталды?

Қазақ елінің кейбір сайттары мен саржағал басылымдары осы туралы жалаулатып ақ жатыр. Бөтен елдің әртісі мас күйінде көлік жүргізіп, адам қағып өлтірді. Мұның бізге не қатысы бар?

Статистика деректеріне сену де қиын. Әсіресе, ресми статистикаға. Мұртты жендет Сталин «Өтіріктің үш түрі бар: кәдімгі өтірік, сорақы өтірік және статистика» деген екен.

Ресейдің бас наркологы Евгений Брюн «Ресейде 2020 жылдың алғашқы үш айында маскүнемдік салдарынан 37346 адам өлді. 2019 жылдың бірінші кварталында 36584 адам өліп еді» депті. Ресми дерек бойынша Ресейде өлген әрбір жүз адамның тоғызы - маскүнем. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Ресейдің қайтыс болған әрбір жүз адамының 22-сі маскүнемдіктің құрбаны» депті.

Ресейде 146 млн адам тұрады. Халық өсімі жоқ, туғандар санынан өлгендер саны басым. Яғни, минус сальдо. Жыл сайын халық саны 300 мың адамға кеміп барады.

1,5 млн СПИД-ке шалдыққан. Ол жылына 100 мыңға өсіп барады.
Ресейде қазіргі кезде 1,3 млн маскүнем тіркелген (РФ Денсаумин). Ал, тәуелсіз басылымдар 12 млн деп көрсетіпті. Ресейде жыл сайын 500 мың адам ішімдікке уланып өледі. Ресейдің төрт қаласында «Арақ музейі» бар.
Ресейде түсірілген он киноның тоғызында кейіпкерлер арақ ішеді.
«Қазір Ресейде әрбір үшінші тұрғынның психикасы бұзылған» депті.

АЛ, БІЗДЕГІ ЖАҒДАЙ ҚАНДАЙ?

Қоғамда түйткілді тұстар көп. Мысалы, санап көріңізші, сіз тұратын көшенің бойында қанша сырахана, ойынхана, букмекер кеңсесі, кафе - ресторан бар? Сосын дәріхана, сән салондары, шаштараз. Мінекей, олардың бәрі бюджетке салық төлейді, елдің қазынасын толтырып жатыр. Профессор Амангелді Айталы осы тақырыпта әңгімелесіп отырып «біздің елде «ресторандық экономика» ғой» деген еді. Баяғыда спирттік ішімдік пен табак өнімдерін сататын нүктелер тәрбие және оқу-білім мекемелерінен кемінде 500 метр қашықта болатын. Қазір көршілес қона беретін болды. Себебі, арақ-шарап сатуға рұхсат беретін лицензияны мемлекет дүкен иесіне сатады. Әрбір маркалы ішімдік үшін әртүрлі лицензия! Табыс пен байлыққа құныққан қоғам бұл кезде ұрпақ тәрбиесін «ұмытып кетеді». Мысалы, стадион ішінен шашлықхана мен кафе ашып қойған жерден күнде өтемін. Әнұранды хормен айтып, күнделігін бестікке толтырып шыққан оқушылар сыртқа шыққанда... мектеп шарбағына сүйеніп, ықылық атып тұрған маскүнемдерге де көздерін үйретті.

«Ал, қазақ, мешел болып қаламын демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезовтің сөзі күн тәртібінен мүлде түскен жоқ. Мектепте резеңке таратып масқара болғанша, ел бойынша мұғалімдерге еркіндік бер, мүмкіндік жаса. «Өзін өзі тану» деген пәннің орнына «Ұлттық тәрбие» енгіз. Жалаң, әсіре ұлтшылдық емес, ұрпақ санасына ұлттық һәм рухани құндылықтарды құйып тастайтын, отбасы мәдениеті мен тазалығын, ата-ана мен ұстазды құрметтеуді, ұл мен қызды сыйлауды үйретуге күш сал. «Рухани жаңғыруды» мазақ қылмай, өз отбасыңда, ұл-қызыңның санасында ар-ұят, қарыз бен парыз, намыс пен қайсарлық қасиеттерін шыңда.

P.s. 18 тамыз күні еліміздің бір қаласында «...тексеру жүргізген прокурорлар жүйке жүйесі ауыратындар тізімінде тұрған 320 науқастың жүргізуші куәлігін алғанын анықтады»...

Айтпақшы, Ефремов туралы жазған сайттар тағы да кемінде 1,3 млн мақала жазар ма екен...

Айшуақ Дәрменұлының жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 320
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 159
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 165
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 158