Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2074 0 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 11:29

Түркіменстан президенті мемлекеттік БАҚ-ты сынады

Түркіменстанның авторитарлы басшысы Гурбангұлы Бердымұхамедов үкіметте ауыс-түйіс болатынын ескертті. Ол мемелекеттік ақпарат құралдарында "ел жетістігі" "экономикалық мәселелер қалай шешіліп жатқаны" дұрыс көрсетілмегені үшін министрлер кеңесін сынады.

Бұның алдында премьер-министрдің орынбасары Мяхриджемал Мамедова мәдениет және БАҚ мәселелері туралы есеп берген. Үкімет жиналысын 4 қыркүйекте мемлекеттік телеарна көрсетті. Мамедова бұл қызметке шілденің басында тағайындалған.

Сол жиналыста Бердымұхамедов білім министрінің орынбасары Мердан Говшудовты қызметтен алған.

Бердымухамедов министрлер мен олардың орынбасарлардың көпшіліктің көзінше жұмыстан шығарғанды жөн көреді, ал қызметтен алынған шенеуніктердің тағдыры беймәлім болып қалады.

Түркіменстанда тәуелсіз БАҚ жоқ. Мемлекеттік емес БАҚ тарататын ақпарат мардымсыз.

Abai.kz

0 пікір