Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Билік 2133 1 пікір 8 Қыркүйек, 2020 сағат 14:01

Назарбаев стипендиясының көлемі өсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев стипендиясының көлемін өсірді. Бұл туралы Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған Жарлықта.

Abai.kz

1 пікір