Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 2914 0 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 18:37

Сервистік әкімдік сенімнен шықты!

«Сервистік әкімдік». Бұл – түрлі мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелерді бір орталыққа шоғырландырған арнайы орын. Ел арасында «әйнек әкімдік» аталып кеткен мұндай орталықтар қазіргі уақта Республикамыздың өңір-өңілерінде ашылып жатыр.

Алғаш рет «Сервистік әкімдік» туралы әңгіме Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылып, мемлекеттік органдар жұмысын оңтайландыру, халыққа ұсынылатын қызмет тәртібін жеңілдету туралы тапсырма аясында қолға алынған еді. Осылайша алғаш болып Алматы облысында «Сервистік әкімдік» ашылды.

Халыққа қызмет көрсетудің бұл форматы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «еститін мемлекет» концепциясына да дәлме-дәл келетінін сарапшылар айтуда. Ал Алматы облысында жуырда дәл осындай және бір «Сервистік әкімдік» ашылғаны ақпаратта тарады. Сонымен «Сервистік әкімдік» халыққа тиімді ме? Мұндай әкімдіктер ашу Республика бойынша қалай жүзеге асырылып жатыр? Біз бір шолып шыққан едік...

Алматы облысы

Амандық Баталов мырза тізгінін ұстайтын Алматы облысында жыл соңына дейін барлық аудандар мен қалаларда «Сервистік әкімдіктер» ашылу жоспарланып отыр екен. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі таңда облыста мұндай әкімдіктер 7 ауданда бар екен. Олар Ақсу, Көксу, Балқаш, Қаратал, Қарасай және Райымбек аудандары мен Талдықорған қалаларында халыққа қызмет көрсетуде.  Ондағы халыққа көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсетуші мекемелер өкілдері бір орынға шоғырландырылған. Осылайша, азаматтарға қызмет ұсыну тәтібі жеңілдетілген. Барлық мекеме өкілдері «Open space» форматында, азаматтарға ашық кабинкаларда отырып қызмет көрсетеді екен.

Аталған «Сервистік әкімдіктерді» жыл соңына дейін өңірдегі өзге де аудандарда ашу қажеттілігі туындап отырғанын Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Ернар Мақажанов айтты.

«Қазір облысымызда осындай жеті әкімдік бар. Бірақ, бұл республика бойынша төмен көрсеткіш. Сондықтан, жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандарда осындай әкімдіктер ашылуы керек», - дейді Мақажанов мырза.

Айта кетейік, осыдан 1,5 жыл бұрын Қазақстанда алғаш болып «Сервистік әкімдік» осы Алматы облысында ашылған. Осыған байланысты облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы: «Кеңселер мен мекемелерге кіру шектелген қазіргідей тар кезеңде «Сервистік әкімдіктер» халыққа қызмет көрсетудің ең оңтайлы форматы екеніне көзіміз жетті. Сондықтан, жыл соңына дейін облыстағы барлық аудандар мен қалаларда «Сервистік әкімдіктер» ашылатын болады», - деді.

Ақмола облысы

Дәл осындай «Сервистік әкімдіктер» Ақмола облысында да ашылып жатыр екен. Жуырда Ақмола облысының Жарқайың ауданында жаңадан «Сервистік әкімдік» ашылғаны ақпаратта айтылды. Бұл облыс аумағында ашылған ең соңғы «Сервистік әкімдік» болып отыр. Осылайша, Ақмола облысының барлық аулдандары мен қалаларында «бір терезе» форматында жұмыс істейтін ашық әкімдіктер өз жұмысына толық кіріскен.

«Сервистік әкімдіктің» ашылуында сөз алған облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілі Арман Бердалин: «Сервистік формат бұл бірінші кезекте – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою үшін қолға алынған бастама. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтің ашықтығы, қолжетімділігі, көрсетілетін қызметтің жүйелілігі туралы нақты тапсырмалар берген еді. Бұл міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруда аталған тәжірбиенің берері мол», - деді.

«Сервистік әкімдік» қызметі – бұл «бір терезе» форматымен жұмыс істейтін әкімдік. Яғни, азаматтар құжат жинап әр кеңселерге сабылмай, барлық жұмысын бір жерден аяқтап шығады.

Ақтөбе облысы

Биыл тамыз айында Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында да «Сервистік әкімдік» ашылған. Онда тұрғындардың сапалы әрі жедел, кәсіби қызмет түрлерін алуға барлық жағдай жасалған. Арнайы мамандар қабылдаулар жүргізіп, кездесулер өткізеді екен. Сондай-ақ, осы әкімдікте Халыққа қызмет кһөрсету орталығы да орналасқан. Осылайша, барлық мекемелер бір орталыққа шоғырландырылған.

Жамбыл облысы

Ал Жамбыл облысында осымен алтыншы «Сервистік әкімдік» пайдалануға берілген. Аталған әкімдік Жамбыл ауданының Тараз қаласында ашылған. Ол жерде облыс тұрғындарына кәсіпкерлік, тұрғынүй, коммуналдық және ауыл шаруашылық, құрылыс т.б. салалар бойынша қызмет көрсетіледі деп жоспарланған. Ұзын-ырғасы 20-дан астам мемлекеттік қызмет түрлері бір орталықтан жұмыс жасайды.

«Open space» форматындағы фронт-офистің Тараз қаласының әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесе отырып жүзеге асырған. Қазіргі таңда жамбыл облысының Талас, Меркі, Шу, Сарысу аудандарында жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта Рысқұлов және Қордай аудандарында осындай «Сервистік әкімдіктер» ашу жоспарланған.

Түркістан облысы

«Сервистік әкімдік» Түркістан облысының Келес ауданында да ашылған. Халықтың цифрлық сауатын көтеру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ашылған осындай әкімдіктер өңірдегі өзге де аудандар мен қалаларда ашылады деп жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1192
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183