Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жанайқай 7591 107 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 11:30

Арсыздықтың белең алуы бізді алаңдатады

Еліміздегі «жынойнақ» атанып кеткен лас орындарды жабу туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына:

Үндеу!

Құрметті мырзалар мен ханымдар!

Сіздерден осы жан-айқай Үндеуім арқылы күнделікті депутаттық өмірлеріңізде ұлттың Ар-Ождан мәселесіне, оның ішінде жастар тәрбиесіне баса назар аударуларыңызды сұраймын. Ашып айтарымыз, АР- Намысты, ұлттық Ар-Ожданды қорғауда және жоғары ұстауда біз рухани катастрофаның алдында тұрмыз. Шынын айтсам, жастарымыздың арасындағы арсыздықтың тым өршуіне байланысты ар мәселесінде  «Алдымызда - жар, артымызда - құз» тұр!

Ар-ұждан - моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес делінген уикипидияда.

Өкпесі күйіп, көзі шығып тұрған «Ар-Ождан» мәселесі депутатардың бір жиналысымен, не бір күнгі бас қосуымен шешіле салатын оңай дүние емес. Біз оны жақсы түсінеміз. Ол жан-жақты талқылауды, үлкен зерттеуді, ғылыми-әлеуметтік сараптауды және мемлекеттік, қоғамдық, ұлттық тұрғыда арнайы бағдарлама қабылдап, оңтайлы шараларды тегеурінді түрде жүзеге асырғанда және ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылғанда ғана келеді. Біз Арды сақтау жұмысын қозғау барысында жаңа бір Америка ашып тұрғанымыз жоқ. Қайта, қоғамның, халықтың көңілін осы қазақтың намысын таптайтын, ұлт руханияты саласындағы нөмір бірінші проблемаға көңіл аудару, қоғамдық пікір қалыптастыру, Сіздерді, Парламентегі депутаттарымызды осы мәселемен түбегейлі айналасуға шақыру болып табылады. 

Өйткені, ұлтымыздың болмысына өте жат, лас туризмдердің, лас проституцияның, лас гейлердің, лас бордель сауналардың, лас жын-ойнақтардың кесірінен біздің елімізге өте жаман лас атау таңылып отыр. Бұны естігеннен, көргеннен өлген артық деп санаймын. Арсыздықтың шектен шығуы елдің ашу-ызасын тудыруда. 

Жұдырықтың үстіне жұдырық, осы 29 жылдың ішінде мыңдаған қазақтың қаракөз қыздары тәнін сатып, ұлтымыздың менталитетіне жат жезөкшелікпен шұғылданып кетті. Олардың ішінде студент қыздар көп. Қазақ қыздары шет елдіктерге жаппай тұрмысқа шығуда. Олардың саны күн санап көбеюде. Қазақ қыздарының басқа ұлттардың өкілдеріне негрлерге, түрік-қытайларға, араптар мен алжирлерге, еуропалықтар мен азербайжандарға тұрмысқа шығуы 10 пайызға жетіп қалды. Бұл дегенің не сұмдық? Қазақ ұлты қайда барады? Осылай қазақ қыздары жат жұртқа күйеуге шыға берсе 22 ғасырда қазақ деген ұлт жойылады. соны ойлаған депутаттар бар ма?

Дәл қазір елімізде 18 жастан 35 жас аралығындағы 700 мыңдай қыздарымыз тұрмыс құрмаған. 300 мыңға таяу қандас бауырларымыз сұр бойдақ болып жүр. Бұның үстіне ажырасуды қоссақ. Қазір әрбір 10 некенің 4-еуі ажырасып отыр. Тағы бір сұмдық қазақтың жастарын белсіздік кесепаты жайлап барады. Мамандардың айтуынша, олардың саны 30 пайыздан асып жығылады. Оның кесірінен, руханиятымыздың өсуі кешеуілдеп, ұлттық тәлім-тәрбиеміз, ар-ождан мәселелері ұмыт қалды. Жастарды жаман, кір, лас жолдарға салатын кешендер бой көтеріп, ар-ұятты жоғалтты. Соның нағыз дәлелдерінің бірі де бірегейі біздің еліміздің «саунасы ең көп» елге айналуы дер едім. Ал, ол кешендер шынтуайтын айтқанда ар-намысты ұмытып, дүние-қоңыз жинауға құныққан бизнесмендер мен кәсіпкерлердің, кейбір құқық қорғаушылардың күреп лас ақша табатын, «бордел-сексханаларына», «жын-ойнақ» сауналарына айналып кетті. Бұл не деген сұмдық? 

Біз осыдан екі-үш жылдар бұрын осы Алматы қаласының Алмалы ауданында қанша сауна барын есептетік. Бір Алмалы ауданында жетпіс сегіз сауна бар екен. Сонда Алматының жеті ауданында 546-дан астам «24 сағат» үзбей  жұмыс істейтін «бордель» сауналары бар. Оларда күнде «жын-ойнақ». Осы үрдіс жақсы ма жаман ба? Әрине жаман. Осы сауналардың көбі рухани азғындық, жеңіл жүрістілердің шайтани мекеніне айналған.

Осының бәрін ойлап, зердеден өткізсек, төбе шашымыз тік тұрады. Жүрегіміз ауырып, намысымыз қайнайды. Біз қайда барамыз? Неге осындай күйге жеттік? Дәл осы жағдайда байлық неге керек, барлық неге керек? Капитализация, приватизация, трансформация, нарық экономикасы, баю, баю және де баю керек деп жүріп күлкімізді жинап ала алмай қалып жүрмейік. 

Осы арсыздықтарға, ұлтымызға мүлдем жат құбылыстарға келеңсіз жәйттерге тосқауылды қоятын уақыт жетті, қадірлі депутат мырзалар! 

Ұсынысым: АР- НАМЫС заңын қабылдап, жастарымыздың тәлім-тәрбиесіне  басты көңіл бөлу. Әйтпесек, масқара елге айналамыз.

Құрметпен, Сәдібек Түгел

«Ұлы Дала Қырандары» халықтық қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы

Abai.kz

107 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2177
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1794
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535