Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
1656 0 пікір 15 Тамыз, 2020 сағат 16:59

Еріктілер. «Келешек» жастары көпке үлгі!

«Келешек» жастар кеңесі туралы естіген бе едіңіз? Бұл Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған жастар ұйымы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялағанын білесіздер. Республикалық волонтерлік фронт-офистің ашылуында: «Мен еліміздің бірбір өңір, әрбір аймағында еріктілер қатарына қосылуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенемін. Ендеше, Үкімет те ондай азаматтарға лайықты түрде қолдау көрсетуі керек. Нақты шаралар қабылдауы тиіс. Еріктілер жылы кезекті бір науқан емес. Барлығымыз да осыны жақсы түсінуіміз керек», - деп сөйлеген еді.

Ерікті болу – жас талғамайды. Президент айтқандай, ол өмір сүрудің салты. Ол Қазақстанның бүгінгі һәм ертеңгі бет-келбеті. «Еріктілердің  қайрат күші, ерік жігері әрбір азаматты шабыттандыруы тиіс», - деген Мемлекет басшысы еліміздің әрбір ауыл-аймағындағы саналы азаматтардың бұл игі істен шет қалмауы тиіс екенін нықтап жіткізген еді. Ендеше бұл жауапкершіліктің ісі.

Десе де, Президент пәрмен беріп, қолға алынған осынау ауқымды істің басында жастар бірлестіктері жиі байқалып жүргені жасырын емес. Мемлекет дамуының негізгі драйвері саналатын жастардың бойындағы күш пен білім, әлеуметтік белсенділік – Еріктілер қозғалысының жетелеуші факторына айналып үлгерді.

Қазір осы бағытта түрлі жастар ұйымдары мен бірлестіктер саланы дамытуға қарқынды күш салуда. Осы ретте Қызылорда облыстық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесінің атқарған шараларына тоқталғанды жөн көрдік.

«Келешек» жастар кеңесі – кәсіподақ бірлестігінің құрамындағы жастар саясатын үйлестіруші ұйым. Оған еңбекші жастардың әлеуметтік, еңбек қатынастарындағы құқықтары мен мүдделерін заң аясында қорғау, жастардың күнделікті тұрмыстағы өзекті мәселелерін шешу, жастардың старт-ап жобаларын іске асыру, сонымен қатар, оларды кәсіподақ құрамына тарту т.б. міндеттер жүктелген.

«Келешектіктер» өздеріне осы артылған міндеттердің үдесінен шығуда. Оған «келешектіктердің» көп ісі дәлел. Әуелі, Қазақстандағы Жастар саясатын жүзеге асырумен айналысып жүрген бірнеше ұйымдармен екіжақты келісімдер жасалған. Сол келісімдердің аясында соңғы бір айдың ішінде біраз істің басы қайырылыпты. Сөзімін сұйық шықпасы үшін, бірлі-жарым мысал келтіре кетейік...

«Келешек» жастар кеңесінің баса назар аударған бір ісі – қайырымдылық пен жанашырлық істер. Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы волонтерлік фронт-офис мүшелерімен бірлесе отырып, бірнеше қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған.

Одан бөлек, Республикалық Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылған «Kazakhstan En’bek adamy» корпоративтік қорымен бірлесіп, «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасын қолға алған. Оған «Транстелеком» акционерлік қоғамы демеушілік көрсетіпті. Жоба аясында өңірдегі көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға т.б. мұқтаж азаматтарға күнделікті тұрмыстағы бірінші қажеттілікті өнімдер таратылған.

Биыл наурызда әлем елдерін әбігерге салған коронавирус пандемиясы пайда болып, елде Төтенше жағдай мен карантин жарияланған алағайда бұлағай кезде де «Келешек» жастары еріктілер сапынан табылып, азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Атап айтқанда, бетперделер мен коронавирус індетінен сақтанудың ережелері жазылған арнайы ақпарат парақтарын таратқан.

Сонымен қатар, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан әлеуметтік дүкен ашылып, мұқтаж азаматтарға азық-түлік және дәрі-дәрмектер түрінде көмек көрсетілген. Оның ішінде, індет індеген алғашқы кезде дәріханалардың өзінде тапшы болған эуфиллин, дисоль, натрий хлорид, дексаметазон т.б. дәрі-дәрмектер болған. 2 аптаға жалғасқан қайырымдылық акциясы кезінде ең тапгшы деген 200-ден аса дәрі-дәрмек таратылған.

Онан соң, «Келешек» жастар кеңесі жанынан психологиялық көмек көрсетіп, кеңес беретін арнайы жедел желі іске қосылған. Психологиялық көңіл-күй тақырыбында арнайы вебинарлар ұйымдастырылған.

«Келешектіктер» көтеріп жүрген тағы бір мәселе – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. Оны шешу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылыпты. Ондағы мақсат - қаладағы жылу қазандықтарының жұмысына, бірнеше көшегің қайта жөндеу жұмысына, теміржол парктерін абаттандыруға, қоғамдық көлік аялдамалары мен футбол алаңдарын қайта жөндеуге жұмыссыз жастар күшін тарту болған екен.

Ал жуырда «ZOOM» платформасы арқылы өңірдегі жастар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар осы және өзге де атқарылған жұмыстардың қорытындысын сөзталқыға салып, жиын өткізді. Жиын барысындағ алдағы уақта қолға алынатын бірқатар жоспарлар талқыға ұсынылған.

«Жоғарыда біз «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерінің атқарған бірлі-жарым жұмысын сөз еттік. Ең басты мақсатымыз – осы қолға алынған шараларды әрмен қарай да жалғастыра беру. Алға қойғам мақсатымыз үлкен», - дейді кеңес төрағасы Бауыржан Мастеков.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599