Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
2579 1 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:16

Минскіде 150-ге жуық белсенді мен 20-ға тарта журналист ұсталды

Бейсенбі күні кешкісін Минск қаласының Тәуелсіздік алаңында құқық қорғау қызметкерлері 20-ға жақын журналисті ұстады.

TUT.BY сайтының мәліметіне қарағанда, бұл басылымның екі журналисі, сонымен бірге "Свобода", "Би-Би-Си" радиоларының, Reuters, Associated Press, "Белсат", ТАСС, "РИА Новости" агенттіктерінің, "Наша Нiва", "БелаПАН", "Комсомольская правда — Беларус" басылымдарының қызметкерлері қамалған.

Ішкі істер министрлігінің Минск қалалық басқармасының ресми өкілі Наталья Ганусевич қамалған БАҚ өкілдері жеке куәландыруды анықтау үшін милиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.

ТАСС агенттігі Ресейдің дипломатиялық өкілдігіне сілтеме жасап, Минскідегі елшілік ресейлік журналистердің қамалғаны туралы мәліметтерді тексеріп жатқанын жеткізді.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, бұл күні ОМОН Тәуелсіздік алаңындағы акцияның 150-ден астам белсендісін қамады.

Беларусьта 9 тамызда президент сайлауы өткен. Ресми мәлімет бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко сайлаушылардың 80 процент дауысын алған. Оппозиция сайлау нәтижесін мойындамай, көптеген бұрмалауға жол берілгенін мәлімдеп келеді.

Сайлау өткеннен бері Беларусьта Лукашенконың отставкасын талап еткен жаппай наразылық акциялар өтіп жатыр. Билік демонстранттарға қарсы күш қолданды. Мыңдаған адам ұсталып, олар ОМОН және басқа милиция өкілдері тарапынан қуғындалып, азапталған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1261