Жұма, 10 Мамыр 2024
2141 6 пікір 26 Тамыз, 2020 сағат 13:04

Вакцинаны Ресейден алатын болдық

Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Бұл туралы ҚР Үкіметі мәлімдеді. 

Ресей Үкіметі өкілдерімен кездесулерде өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелері, барлық клиникалық сынақтар өткізілген жағдайда халықты тегін және ерікті түрде иммундау үшін COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелері талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр өнеркәсіптік кооперация және фарминдустрия саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша РФ өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен талқылау өткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігінің сипатына толық жауап беретінін атап өтті. Кездесу барысында ірі өндірістік компаниялармен: «КАМАЗ» ЖАҚ, «Петербург трактор зауыты» АҚ, «ЕуроХим» МХК» АҚ, «Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус» ЖШҚ және «ГАЗ» Группасымен бірлескен жобаларды іске асыру кезеңдері талқыланды.

Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен «СҚ-Фармация» арасында «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатыларынан өткеннен кейін бөлу туралы өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан үшін қажетті көлемді Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жүргізуге дайын. Бұл ретте, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін иммундау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және вакцина барлық клиникалық сынақтардан өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Сапар аясында сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті, оның барысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, нәтижелері бойынша ведомстволар арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1902
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1601
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1465